Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Көшер кезде | Бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: Көшер кезде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтін мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы өз бетімен оқу, жұмыс жасау дағдылануына мүмкіндік беру.
Тәрбиелік: Жан – жануарларға қамқорлықпен қарауға баулу

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіру. 63 пайызын анықтау, жазу. (бала санына байланысты анықталады)
2. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.
Біз қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба?- боламыз
Біз мектептің мақтанышы боламыз ба?- боламыз
Әдебиеттен 5 алып нәтижеге жетеміз бе?- жетеміз.

ІІ. Үй тапсырмасы «Құмдағы құпия» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
ООМ (орынға отырғызу матрицасы) бойынша жұмыс.
ООМ (орынға отырғызу матрицасы) ұяшығына алғашқы плюс белгісі қойылады.

Қарама – қарсы сұрақтар
1. Құпия сөзінің мағынасын түсіндір
2. Биылғы көктем қандай болды?
3 Темірдің шешесі қайда аттанды?
4 Бұл жер кімге таныс?
5Сары төбе басында не тұр?
6. Сәкілерді кім жасаған?
7. Көз ұшында не тұр?
8. қыстау қасында не бар?
9. Экспедиция суды қайдан алады?
10. Ол құдықты қазған кімдер?
11. Темір шешесінен не туралы сұрады?
12. Геологтар нені іздеп табады?
13 Ботаниктер нені зерттейді?
14. Өсімдіксіз нелер тіршілік ете алмайды?
15. Тасбақа немен қоректенеді?
16. Темір шешесімен шыққанда не көрді?
17. Бозторғай ұясында не жатыр?
18. Бозторғай ұясына келген адамды көргенде не істеді?
19. Құмда таңертең күн қандай болады?
20. Ауа райын көрген Темір шешесіне не деді?
21Шешесі Темірді не әкелуге жұмсады?
22. Темір мақта алып келгенде неге таң қалды?
23. Бозторғайдың ұясы қайда кеткен?
24. Темір бұл сапардан нені біліп қайтты?
25 Бозторғайдың ұясын кім жасайды?
26. Ұядағы жұмыртқаны алуға бола ма?
27. Ұя салмайтын қандай құс?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тірек сөздерді сәйкестендіру.
ООМ ұяшығына екінші плюс белгісі
Майлыаяқ, ақылды ит, тазы, күшік, Алматыға, байлап қою, Еркін, Жамал, Зағипа, қимаймын, аманат, Әбекең, таба нан, жаңа иең.
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді түсініп оқу, осы тақырыпқа байланысты сұрақ сұралатыны ескертіледі. Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі. 5 – минут. Мәтінді оқи отырып тірек сөздерді табу және сәйкестендіру арқылы ООМ ұяшығына екінші плюс белгісі қойылады.

ІҮ. Жаңа тақырыпты жаңғырту үшін сұрақтар қою:
ООМ ұяшығына үшінші плюс белгісі
1. Күшіктің атын ата.
2. Ол қандай ит еді?
3. Майлыаяқ қалай өсті?
4. Майлыаяққа сипаттама бер.
5. Дене бітімі неге ұқсас еді?
6. Майлыаяқ қалай өскен ит еді?
7. Сырттан бөтен адам, бөтен мал келе жатса не істейтін еді?
8. Майлыаяқ қабаған ит пе?
9. Біраз күннен бері Майлыаяқ қандай күйге ұшырады?
10. Үйді, малды сатып байығалы Майлыаяқты не істеп қойды?
11. Себебі олар қайда көшетін еді?
12. Байлап қойғаннан кейінгі Майлыаяқтың жағдайын сипатта.
13. Көшетін күні Майлыаяқ не істеді?
14. Әйелі Еркінге не деді?
15. Еркін не деп жауап берді?
16. Майлыаяқты кім деген кісіге аманат етіп тастап кетті?
17. Әбекең кім еді?
18. Таңертең шайымызды ішіп болған соң үйге кім келді?
19. Әбекең қолына не ұстап Майлыаяқтың қасына барды?
20. Сол кездегі Майлыаяқтың жағдайын сипатта.
21. Майлыаяққа өзінің иесі не деді?
22. Әбекең қолындағы нанын үйшіктің алдына апарғанда Майлыаяқ не істеді?
23. Майлыаяқты иесі Әбекеңене деп тапсырды?
24. Майлыаяққа сипаттама бер.
25. Майлыаяқты иесі неге байлап қойды?
26. Иттің сезімталдығын иесі қалай байқады?

Ү. Құтқару сұрағы. Екілік баға алған оқушыға сұрақ қою арқылы үштік баға тарту.(Егер үш минус болса)
ҮІ. Тест. ООМ ұяшығына төртінші плюс белгісі қойылады.
ҮІІ. Эссе жаз. Эссе немесе шығарма түрінде жазуға болады. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады.
* 5 – минут беріледі
* 37 сөзден асу керек..
ООМ ұяшығына бесінші плюс белгісі қойылады.

ҮІІІ: Журналға баға қою. 4+ белгі – 5, 3+ белгі – 4. 2 белгі – 3
ІХ. Үй жұмысы: Көшер кезде
Көшер кезде жүктеу


Майлыаяқ ақылды ит тазы күшік көшер кезде жан жануарларға қамқорлық

© Дереккөзі

To Top