Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы

Математика 3 сынып
Тақырыбы: Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы.
Мақсаты: әр түрлі заттардың массаларын әр түрлі өлшем бірліктеріне өрнектеуге үйрету;
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кесте ережесі, қима қағаз
Сабақтың әдіс – тәсілдері: АКТ, сәйкестендіру, логика, түсіндіру, топтастыру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
– Бүгін сабағымызды бастамас бұрын әдемі бейне ролик көрсеткім келіп тұр. Кәне, тамашалайық!
– Қазақстан жері өте әдемі, ғажайып, тамаша, керемет! Шет елдердің кез келген атақты демалыс орындарынан кем түспейді. Осындай әдемі, байтақ, әдемі, бейбіт жерде, мәңгілік елде тұрып жатқанымызды мақтаныш етейік!
Қазақстан ғажап ел, мәңгілік ел! Әрдайым еліміз үшін мақтаныш сезіміміз кеудемізде жүрсін!
– Енді сабағымызды бастайық.
2 – слайд. Логикалық тапсырма. «Ширату»
Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бөліктерін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген? 4
810 санындағы цифрлардың орындарын ауыстырып жазғанда 630 – ға кемитін болсын. Ол қандай сан? 180
3 – слайд. Үй тапсырмасын сұрау.
Дәптерлерінен үй тапсырмасын тексеру, талдау, түзету.
Қорытынды жасау.
Ұзындықты, массаны, көлемді, ауданды, сыйымдылықты жалпы қалай айтамыз? Шамалар.
4 – слайд. « Артығын алып таста»
Килограмм, тонна, метр, центнер, сағат, грамм, минут, миллиметр, тәулік. Осы сөздердің ішінен масса бірліктерін алып, топтастырамыз.
Масса бірліктерінен артығын алып тастайық. Масса бірліктерін топтастырайық.
5 – слайд. Масса бірліктері.
Грамм, килограмм, центнер, тонна. Сұрақтар қою.
Қандай заттың массаларын өлшейміз? Заттардың массасына сәйкес өз өлшем бірліктері болады. Ең жеңіл зат граммен өлшенеді, ең ауыр зат тоннамен өлшенеді.
Оқулықтағы тапсырма.
№1. ә.
Пілдің, сырғаның, бірнеше кәмпиттің, сақинаның, ұшақтың, бір жәшік алманың, машинаның, асқабақтың массасын өлшеу үшін қандай өлшем бірліктері қажет болады?
6 – слайд. Массаны қалай өлшейміз? Массаны қандай құралмен өлшейміз?
Таразы түрлеріне түсінік беру.
Таразыны қолдану кезеңдеріне түсінік беру.
Ең жеңіл затты қандай таразымен өлшейміз? Ең ауыр затты ше?
7 – слайд. Кестені жаттап ал!
1 кг= 1000 г
1 ц = 100 кг
1 т = 1000 кг=10 ц
8 – слайд. Сен білесің бе? Айдарына назар аударайық.
Әлемдегі ең ауыр жануар ол піл. Пілдің массасы 7 тоннадан да көп болады.
9 – слайд. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы № 2 тапсырма.
Қалып қойған сандарды орнына қой.
2 кг=… г ——– 4 т=… кг
3 ц =… кг ——- 6 т=… ц
50 ц =… т —— 700 кг=… ц
10 – слайд. Сәйкестендір.
Қима қағазды таратып беру. Тапсырманы орындатып болған соң, тақтадағы жауаппен тексереміз, түзетеміз. Дәптерімізге жазып аламыз.
2 кг= 2000 г ———- 4 т= 4000 кг
3 ц = 300 кг ———- 6 т= 60 ц
50 ц = 5 т ———- 700 кг= 7. ц
11 – слайд. Сергіту сәті.
12 – слайд. Кенеттен сұрау. №4 тапсырма.
– Не артық? 99 кг ба, әлде 1 ц ма?
– Не кем? 11 ц ма, әлде 11 кг ба?
– Үлкен шаманы ата: 7 кг, 800 г.
– Кіші шаманы ата: 600 кг, 20 ц.
– Үлкен шаманы таңда: 80 ц, 80 кг, 80 г
1 ц артық, 11 кг кем, 7 кг, 600 кг, 80 ц, 1000 кг.
13 – слайд. № 5 тапсырма. Кесте бойынша есеп құрастыру.
Дәптерге шешуі мен жауабын жазу.

Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы. жүктеу


Массаны өлшеу масса бірліктерінің арақатынасы математикадан ашық сабақ

© Дереккөзі

Tags: масса бірліктерінің арақатынасыМассаны өлшеуматематикадан ашық сабақ

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021