Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Математикалық ринг (сайыс сабақ)

Тақырыбы: Математикалық ринг
Мақсаты:
• білімдік: І – ІІ тоқсан бойынша математика пәнінен оқушылардың білім дәрежесін салыстыру, өткенді қайталап, еске түсіру.
• тәрбиелілік: математикалық сайыс арқылы сынып арасындағы байланысты нығайту, ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа үйрету, белсенділігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық дамуын қалыптастыру.
• дамытушылық: есептің ұтымды жолын таба білу; практика мен теорияның арасындағы байланыс, жылдам есептеуге үйрету, басқа пәндермен байланыс және математикалық есептерін аралас шығару.

Көрнекілігі: слайдтар тапсырмалары, электронды оқулық, интерактивті тақта, компьютер.
Түрі: сыныптан тыс ұйымдастыру шарасы, сайыс

Мұғалім:
Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайыс – сабағымызды бастаймыз,
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық
Математика – құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебінде дүние кілті әлі де.

Құрметті оқушылар, біз сайыс – сабағымызды бастамас бұрын әзіл – қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Ортада қазылар алқасы:
1. Кулушева Ақмарал Закарияқызы
2. Сарбалиев Серік Бөкенбайұлы
3. Қарабалиева Қоңырша Қажғалиқызы

Әр топта алты адамнан, 2 құрама топ құрылады
1. Бірінші ринг «Сергіту». Математикалық тапсырма беріледі. Бірінші жауап беріп, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Уақыты – 5 минут.
2. Екінші ринг «Капитандар сайысы». 2 минут ішінде көп сұрақтарға жауап берген капитан жеңіске жетеді.
Келесі кезеңде капитандар өздерінің алғырлығын көрсетеді. Олар сандардан тұратын жұмбақтарды шешеді. Қате болған кездерде топ мүшелері көмектесе алады. Ондай жағдайда екі ұпай емес бір ұпай есептеледі.
3. Үшінші ринг «Білгірлер сайысы». Сайыс шарты мынандай: Әр топ кезекпен математикаға қатысты сандар мен сөздерге қатысты мақал мәтелдер, қанатты сөздер айтады.
4. Төртінші ринг «Шығармашылық». Дәстүрлі емес тапсырмалар. Мысалы, әр топтан өткір көзді, шешен тілді, есте сақтау қабілеті жақсы бір оқушы шығады. Плакатта сандар жасырылған. Сіздің міндетіңіз – бірден бастап санай отырып барлық сандарды тауып, бақылаушыларға көрсету.

1. Бірінші ринг «Сергіту». Математикалық тапсырма беріледі. Бірінші жауап беріп, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Уақыты – 5 минут.
Топтар есеп шығарғанша жанкүйерлермен
1. Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)
2. 205 таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)
3. 60-ты 0, 6-ға бөлсең қанша шығады? (100)
4. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше рет өседі? (11 есе)
5. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
6. 8 санының квадраты (64)
7. 33 (27)
8. Күн көзі жылына неше рет шығады? (365)
9. Көпбұрыш қабырғасының қосындысы? (периметр)
12. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)

2. Екінші ринг «Капитандар сайысы». 2 минут ішінде көп сұрақтарға жауап берген капитан жеңіске жетеді.
1.«Жылдам сұрақ, тез жауап».
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар.
1. Планиметриядағы ең негізгі фигура (нүкте)
2. Грек тілінде жер қалай аталады? (гео)
3. Шеңбердің нүктесін оның центрімен қосатын нүкте (нүкте)
4. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (Квадрат)

1. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы (периметр)
2. Барлық бұрыштары тік ромб (квадрат)
3. Дөңгелектегі ең үлкен өлшем (диаметр)
4. Бір жағынан шеттелген түзудің бөлігі (Сәуле)

2. Келесі кезеңде капитандар өздерінің алғырлығын көрсетеді. Олар сандардан тұратын жұмбақтарды шешеді. Қате болған кездерде топ мүшелері көмектесе алады. Ондай жағдайда екі ұпай емес бір ұпай есептеледі.
1. Алпыс ала қарғаға,
Қырық қарға қарғаға,
Таласты жемге жатқан ақ қарда,
Ала қарғалар алдын тосады.
Қайта айналып, жерге қонады.
Барлығын қоссаң қанша болады? (100)
2. Үйге жұмсап Жарқынды,
Алдырдық біз үш түйе,
Қос қап бидай артылды,
Әр түйенің үстіне.
Тапқыр болсаң ал санап,
Бидай алдық қанша қап? (6 қап)

3. Үшінші ринг «Білгірлер сайысы». Сайыс шарты мынандай: Әр топ кезекпен шығармашылық тапсырмаларды орындайды:
І топ: ———————————–ІІ топ:
438 • 39 = —————————-81072: 9 =
842751: 27 = ————————1768 • 34 =
х: 792 = 46865: 721 —————с: 524 = 3570: 70
4. Төртінші ринг «Шығармашылық». Дәстүрлі емес тапсырмалар. Мысалы, әр топтан өткір көзді, шешен тілді, есте сақтау қабілеті жақсы бір оқушы шығады.
Сызбада неше үшбұрыш бар?
І )
ІІ )
Жауабы: І – 16 үшбұрыш; ІІ – 13 үшбұрыш

Қорытынды:
1) Әлемдегі ең жас қала? (Астана)
2) Астананың символы? (Бәйтерек)

Жақсы, енді Елбасы бізге алғыс айта отырып, болашаққа тапсырма береді. Зураб Церетелидің «Бәйтерек» – Астана туралы әңгімелеу.
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Астана – әдемі, жас қала. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 6 мамыр 1998 жылы жаңа елорданы атауы Астана болып өзгертілді. Астанада 600000 адам турады. Астана – Ақмола облысында, Есіл өзінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Астанада 3 театр, 23 кітапхана, 2 кинотеатр, 5 мұражай, мемлекеттік филармония, 2 сарай бар. Астананың аса көрнекті мекендері: Бәйтерек, Думан, АҚ Орда.
«Р» 1) Бәйтеректің биіктігі қанша? (97 м.) См – мен өрнекте.
«А» 2) Негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен қанша метр және сантиметрге жоғары орналасқан? (4 м 80см) См – мен өрнекте.
«Х» 3) Алтын шардың өзі қанша метр және сантиметр? (76 м 90см) См – мен өрнекте.
«М» 4) Астана қаласында электр желілері қанша км? Метрмен өрнекте. (180 км) (180 км = 180000м)
«Е» 5) Су құбыры қанша км? (62 км). Метрмен өрнекте. (62 км = 62000м)
«Т» 6) Қанша км телефон сымдары тартылды? (50 км). Метрмен өрнекте. (50 км = 50000 м)
Жауабын тексере отырып, «РАХМЕТ» деген алғыс сөз шығады.

Бағалау.
Әділқазылар алқасына сөз беріліп, бағаланады.
Үйге тапсырма: №5 тапсырма, 47 бет.


Математика сыныптан тыс сайыс сабақ бастауыш

© Дереккөзі

To Top