Connect with us

Бәрі туралы

google aikyn 1200 3

Бастауыш сынып

Мағжан Жұмабаев «Қарағым»

Мағжан Жұмабаев «Қарағым»

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қарағым»

Сабақтың мақсаты: 1. М. Жұмабаев өмірі, шығармалары туралы білімін кеңейту.
2. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру. Балалардың жазу, оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
3. Оқушыларды білімділікке, өнерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев портреті, суреттер, сызба т. б.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Стратегиясы: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ
– Қай мезгіл?
– Күз айларын ата?
– Күзде қандай мерекелер болады?
1 – қыркүйек 22 – қыркүйек – Тіл мерекесі
8 – қазан Мұғалімдер мерекесі 29 – қазан қамқорлық күн
Ораза айы (13 қыркүйек – 12 – қазан )
Ораза айында балаларға жақсы тілек тілеу.

2. Үй тапсырмасын сұрау.
Мұғалима. Қ. Мырза Әли
3. Өткен сабақты қорытындылау.
Сұрақ – жауап
– Қадыр Мырза Әли кім?
– Қандай шығармаларын білесіңдер?
(«Күміс қоңырау»,»Қоян – қоян», «Жаңғалақтар» )
– Ақын мұғалімді неге «кластың анасы» дейді?
– Мұғалім үшін не қуаныш, не сүйініш?
– Мұғалім кім?
Оқытушы
Ана
Білімді
Тәрбиеші
Ұйымдастырушы

4. Жаңа сабақ
ІІ Мағынаны тану.
Қазанның тоғызы
Мағжан Жұмабаев. Қарағым.
– Мағжан Жұмабаев кім?
– Қандай шығармаларын білесіңдер?
1893 жыл Солтүстік Қазақстан облысы 1910 жыл Уфа медресе «Шолпан» жинағы «Педагогика» оқулығы «Батыр Баян» поэмасы «Ертегі» поэмасы 1914 жыл Омбы мұғалімдер семинариясы 1923 жыл Мәскеу көркемөнер институты

5. Өлеңді оқу. (мұғалімнің оқуы)

6. Іштей оқу.

Түртіп алу стратегиясы (таныс емес сөздермен жұмыс).
7. Өлеңді оқушыларға оқыту.
Сұрақ – жауап
– Өлеңдегі негізгі ой не?
– Балаларға ақын өсиет айтады?
– Талаптансаң, арманыңа жетерсің,
Еңбек қылсаң дегеніңе жетерсің – деген ой өлеңінің қай жолында.
– Өлеңдегі мақалдың мағынасын тап?
– Өнер, білімге шақыратын қандай өлең білесіңдер?

Сергіту сәті. Кел, балалар оқылық! Ы. Алтынсарин.

8. Өлеңді талдау.
а) Өлеңнің мағынасын қара сөзбен әңгімелеу.
ә) Ұйқас табу.
б) Қазақ тілімен байланыстыру (жүрме, ерме, бөлме – болымсыз етістік).

III. Ой толғау.
5. жолды өлең.
Кім?
Қандай?
Не істейді?
Сөйлем.
Мағыналас сөз.
Венн диаграмасы

Топтық жұмыс.
I – нұсқа. Өлең құрастыру «Ұстазыма»
————– жасырып,
————– асырып.
————– ұстазым,
————– ұқсағым.

II – нұсқа. Логикалық тапсырма.
«Енді он жылдан соң тақта қандай болады»?
9. Сабақты қорыту.
Өнер, білім, еңбек туралы мақал айту.
– Мағжан кім?
– Қарағым өлеңі балаларды неге шақырады?
Қарағым өлеңі балаларды неге шақырады?

Оқу оқы
Босқа жүрме
Ойынға көңіл бөлме
Жолама
Қасына ерме
Кідірме
Аялдама
Қолың серме

– Білімді болу үшін не істеуіміз керек?
10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма.
(Өлеңді жаттау)

Мағжан Жұмабаев қарағым ашық сабақ қазақ әдебиеті 5 сынып

© Дереккөзі

To Top