Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Home Бастауыш сынып

Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Share on FacebookShare on Twitter

Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы

Сабақ тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Сабақ мақсаты: 1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету,түсіндіру.
2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту.
3. Тез ойлауға,дұрыс шешім қабылдауға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.
Түрі: дәстүрлі емес сабақ
Типі: жаңа білімді меңгеру
Әдістері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,баяндау
Көрнекілік: интерактивті тақта,слайдтар
Технология: дамыта оқыту

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені, қазір біз « Жеті ата»ауылына саяхат жасаймыз.
Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық. Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған,машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?
– Атты,түйені,өгізді
– Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?
– Атты.
– Жарайды,атты жолға әзірлейік.
– Атты шанаға жегу үшін қандай жабдықтар керек?
– Қамыт,доға,делбе,шана,ершік т. б.
Сұрақтарға жауап бере отырып,атамыздың ауылына келіп қалыппыз.

1 «Ата»ауылы сендердің білімдеріңді тексермекші екен ,мынадай тапсырмалар дайындапты.
«Сынақ дорбасы»
● Сөз мағынасының түрлерін ата.
● Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
● Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал келтір.
● Дыбысталуы бірдей,мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем ойла.
● Дидактикалық ойын. (Мағынасы қарама-қарсы сөздерді айт). Жұптық жұмыс
Жуан – сұлу –
Арзан – еріншек –
Ал балалар,жер тайғақ,құлап қалмайық. (бәріміз жөнделіп отырайық). Алдымызда көрінген қай ауыл?.

2 «Әке» ауылы.
Көркем жазу.
Жоңышқа,мұржа,жәшік

Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.

3 «Бала» ауылы.
Бұл ауылда «Поэзия минутын» өткіземіз.
7-жаттығу
Қызғалдақтың қасына
Ісіп кетті бас,шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!

Енді тимен оған мен,
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма
(Қадыр Мырза Әли)

● Өлеңді мәнерлеп оқы.
● Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Тәтті – ащы

4. Ал балалар,үш ауылға саяхат жасап,шаршаңқырап қалған болармыз. Енді «Немере» ауылына келдік. Бұл ауылда «Сергіту сәтін» жасап алайық.
● Мақалды жатқа жазу
1. Мейірімді алғыс алса
Мейірімсіз қарғыс алар.
2. Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады.

5. Кәне,балалар шанаға жөнделіп отырайық. Әлі де баратын ауылдарымыз бар,уақыт болса жақын қалды.
Көзді ашып жұмғанша «Шөбере» ауылына келіп қалыппыз. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.
● Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Мейірімді-
Жуас-
Қымбат-
Сұйық-
Қашық-

6. «Шөбере» ауылынан шығып,«Шөпшек» ауылына бет алдық. Міне,
«Шөпшек» ауылына келдік. «Шөпшек» аулы сендерге мынадай тапсырма дайындапты.
10-жаттығу.
● Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп жаз .
● Кестені пайдаланып,пікіріңді дәлелдеп үйрен.

Дәлелдеу үлгісі:жақсы және жаман сөздері – мағынасы қарама-қарсы сөздер,өйткені екеуінің мағынасы бір-біріне қарама-қарсы,әрі екеуі де сын есімге жатады.
● Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркесін жаз.

7. Ал,балалар,соңғы ауылға келіп жеттік. Бұл қандай ауыл? «Немене»ауылы
«Немене» ауылы сендерге ішінде қарама-қарсы сөздері бар мақал-мәтел не жұмбақ жазыңдар деп тапсырады.
3. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта не істедің,не үйрендің?
4. Бағалау.
5. Үйге тапсырма


Қазақ тілі бастауыш ашық сабақ мағынасы қарама қарсы сөздер

© Дереккөзі

Tags: Ашық сабақбастауышқазақ тілімағынасы қарама қарсы сөздер

Related Posts

Бастауыш сынып

3 сынып «Түбір мен қосымша»

Бастауыш сынып

Ауа дегеніміз не?

Бастауыш сынып

Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Бастауыш сынып

Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы

Бастауыш сынып

Қош бол, сүйікті Әліппем

Бастауыш сынып

Алтын балық

Бастауыш сынып

Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Бастауыш сынып

Бар байлықтың басы – нан

Бастауыш сынып

Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

Бастауыш сынып

Шыбын мен көбелек

Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021