Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Мақтаншақ аю (ата – аналармен ертегіні сахналау)

Ертегі: Мақтаншақ аю (ата – аналармен ертегіні сахналау)
Мақсаты: Ертегі негізінде достық жайлы баяндалған. Ертегіні ата – аналармен сахналау арқылы балалардың ойлау қабілетін және тілдерін дамыту. Балаларды достық сезімге тәрбиелеу
Рольдерде:
Аю –
Қасқыр –
Қоян –
Кірпі –
Түлкі –
Автор –

Автор: Ертеде қалың тоғай ішіндегі үйшікте үш дос болыпты. Олар түнімен тоғайды аралап күн ысығанда үйшігіне кіріп жатады екен. Бір күні келе жатып аю былай деді!
Аю: Достар ішімізде ең ірісі, ең мықтысы мен болам. Менен барлық аңдар қорқады.
Автор: Күштілігіне мақтанып аю өзінен кішкене аңдарға маза бермепті. Осылайша әңгімелесіп келе жатқан үш досқа жортып бара жатқан түлкі кезігіпті.
Аю: Түлкі бері кел саған айтам.
Түлкі: Маған айтасың ба? Не болды? Не боп қалды?
Аю: Маған үнемі қызмет ететін боласың.(жұлқылайды)
Кірпі: Достым түлкі бізге не істеді не жамандық жасады, оны жібер мұның дұрыс емес.
Түлкі: Жарайды жіберіңізші сізді сыйлаймын. Қызметімді аямаймын
Аю: Е солай болсын! Енді түлкі сыйлап жүретін болды. Көрдіңдер ма менің күшімді?
Автор: Тағы бірде қасқырды босатпай мазасын алады.
Аю: Қасқыр мында кел, мені сыйлап жүресің бе, жоқ па.
Қасқыр: Аю аға мені қоя беріңізші айтқаныңыз болсын.
Қоян: Қасқыр бізге тиіскен жоқ қой неге оны қинайсыз.
Аю: Егер мені сыйлап жүремін десе босатамын!
Қасқыр: Аю аға сыйлап жүремін босатыңызшы.
Аю: Енді қасқырды сыйлап жүремін болды.
Кірпі: Сені бұдан былай түлкіде, қасқырда жек көретін болады, және ешқашан сыйламайды.
Қоян: Өйткені, сен оларға күш көрсеттің, жәбірледің.
Аю: Жоқ, сыйлайды!
Қоян: Кірпі жүр кетейік аюмен дос болмаймыз.
Автор: Аю екі серігінен айырылып жалғыз қалады. кенет алдынан қасқырлар шыға келеді.
Қасқыр: Сен маған жазықсыз азап көрсеттің. Енді біз сені жабыла талаймыз.
Автор: Қасқырлардан зәресі ұшқан аю ағашқа өрмелеп қашып кетеді. Қасқырлар кеткен соң аю қайта келеді. Алдымен өзі жәбірлеген түлкі шыға келеді. Аю қорқып кетеді.
Түлкі: Аю аға неден қорқып кеттіңіз.
Аю: Қасқырлар маған бас салды.
Түлкі: Онда жылдам бері қарай жүріңіз. Мұнда рахат жер бар. Қасқыр деген мүлде жоқ. Жүріңіз, жүріңіз!
Автор: Түлкі аюды алдап айласын асырып, күп еткізіп батпаққа түсіріп жібереді.
Түлкі: Өткенде маған жәбір көрсеттің, сол үшін сазайыңды тартқыздым.
Автор: Ми батпақтан әзер құтылып аю үйшігіне әзер оралады.
Кірпі: Саған не болды?
Қоян: Бұл қалай болғаны. Саған кімнің күші жетті.
Аю: Мені қасқырлар қоршап алып талап тастай жаздады. Ағаштың басына шығып құтылдым. Қайтып келе жатсам түлкі кездесіп мені алдап батпаққа батырып жіберді.
Қоян: Айттым ғой достым. Күшіңе сеніп әлсіздерді күшпен сыйлатамын деп едің. Енді осы ойыңның дұрыс емес екеніне көзің жеткен шығар.
Аю: Достар, кешіріңіздерші өз қателігімді енді түсіндім. Бұдан былай барлығына мейірімді қарапайым, қамқоршы боламын.
Автор: Содан соң аю мақтаншақтығын қойып екі досымен тату – тәтті өмір сүріпті.
Тәрбиеші: Кузенбаева У. А.


Ертегі мақтаншақ аю мақтаншақ аю ертегі көрінісі мақтаншақ аю ертегісін сахналау достық туралы

© Дереккөзі

Tags: достық туралы.ертегімақтаншақ аюмақтаншақ аю ертегі көрінісімақтаншақ аю ертегісін сахналау

Related Posts

Бастауыш сынып

Ана тілі бойынша сабақтың жоспары (2 сынып)

Бастауыш сынып

Еңбекпен тапқан тиын

Бастауыш сынып

Ұстаз

Бастауыш сынып

Еңбектің наны тәтті

Бастауыш сынып

Тест 1 сыныптарға арналған

Бастауыш сынып

Қысқа мерзімді жоспарлар (әдебиеттік оқу 4 сынып)

Бастауыш сынып

М. Әлімбаев «Әнші Әміре»

Бастауыш сынып

Абылай хан

Бастауыш сынып

Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021