Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Менің ертегі әлемім

Сайыстың мақсаты: Оқушыларға ертегілердің негізгі идеясын өз беттерінше ұғынуға баулу. Оқушыларға болжау әдісі арқылы ертегіні көз алдарына елестету, талдату және салыстыра отырып, олардың қиялын, ой – өрісін дамыту. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ақылды, тапқыр болуға тәрбиелеу.
әсемдікке баулу.
Көрнекілік: АТК, парақшалар, ертегілер

Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру
Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Бүгінгі 1 – сынып оқушылары арасында ұйымдастырылғалы отырған «Менің ертегі әлемім» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Сайысқа 1а және 1ә сыныптарынан төрт оқушыдан сегіз оқушы қатысады.
Сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.

І бөлім «Бұл қай ертегі?»
Ертегі кейіпкерлеріне қарап, ертегіні анықтау
ІІ. бөлім «Кім көп біледі?»
Жұмбақтарды шешу, қай ертегінің кейіпкері екенін анықтау
ІІІ бөлім «Адасқан әріптер»
Әріптерден сөздер құрастыру, қай ертегіден кездестіргенін айту
ІҮ бөлім «Мен білетін ертегі»
Өздері білетін ертегінің мазмұнын айту

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыру
Қапезова Гүлбану бастауыш сынып мұғалімі
Қабдырахманова Ш бастауыш сынып мұғалімі

І бөлім « Бұл қай ертегі?»
ІІ бөлім Кім көп біледі?
Жол үстінде қу қазық
Мергеншіге жол азық. (қоян)

Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)

Белестен шыққан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (қасқыр)

Өзі жап – жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп – шұбар (мысық)

Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі шамға ұқсайды. (жапалақ)

Қайталап атымды,
Көктемде ән саламын.
Кез келген ұяға
Жұмыртқа саламын ( көкек)

ІІІ бөлім «Адасқан әріптер»
Ертегі кейіпкерлерінің атын шығарып алу. Қай ертегі кейіпкерлері екенін айту.
ІҮ бөлім «Мен білетін ертегі?»
Әр топтан, бір оқушы ертегіні баяндап айтып беруі керек.

Ү. Қорытынды
Жеңімпаз топты анықтау, мадақтау


1 сынып оқушыларына менің ертегі әлемім сайыс сабақ

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top