Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Мен елімнің патриотымын!

Сынып сағаты тақырыбы: Мен елімнің патриотымын!
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне Отанға деген мақтаныш, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы патриоттық жауапкершілік сезімдерін ояту, болашақта елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. «Патриот» сөзінің мағынасының терең мәнін түсіндіріп өту.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, бейнеролик, ақ қағаз, түрлі – түсті қарындаш.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.

І топ: Отанды сүю – от басынан басталады. Өйткені,………………………………………..
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………
ІІ топ: «Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» дегеніміз…………………….
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………
ІІ. Жаңа тақырып. Сұрақ – жауап.

– Балалар, «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?……………………………………………….

– «Патриот адам» қандай болу керек деп ойлайсыздар?

……………………………………………………………………………..

ІІІ. Тақтамен жұмыс: /слайд арқылы көрсету/
«Патриот» болудың өсиетті сөздері
Әрбір азаматтың қандай құқығы мен міндеті бар екен білесіз бе?

төлемақысыз білім алу……………………………………………
дәрігерге қаралу…………………………………………..
бір – бірімен қарым – қатынас жасау………………………………………….
«… әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата – анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы» Бірақ нағыз азамат болу оңай емес. Ол үшін……………………………………………………………………………………………………………………….
Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады. Мұндай заңдылықтар біздің қазақ жерінде үлкен сыныптарға барғанда «ТАРИХ» сабағынан өтеміз, сонау Әз Тәукенің тұсындағы «Жеті жарғыдан» басталған.
Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды.

/Слайд көріп шыққаннан кейін/
Сіздер, кішкентай балапандар, еліміздің болашағысыздар…
«Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан…» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.
Міне, осы өсиеттерді есте сақтау әркімге де қажет.

ІV. Шығармашылық жұмыс: а) (оқушы ойын суреттеп жеткізуі)
Елге деген сезіміміз бен құрметімізді суретпен қалай жеткізуге болады деп ойлайсыздар?

ә) Тақырыпқа байланысты мақал – мәтелдер жазу:
1. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
……………………………………………………………………………………………………………………………………….
(мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, оқушылардың пікірлерін тыңдау)

V. Қорытындылау: сұрақ – жауап, сурет талдау.
Міне, жас ұлан, енді осының барлығын кішкене жүректеріңе тоқып алсаңыздар келешекте жақсы да сенімді Қазақ елінің нағыз «ПАТРИОТТАРЫ» боласыздар, деп Отаның, елің, ата – анаң, ұстаздарың сіздерден үлкен үміт күтуде…
Мадақтау: Сынып сағатына өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау, қорытындылау.

Атырау облысы,
Мақат ауданы, Мақат поселкесі
Хамза Санбаев атындағы орта мектебінің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Мансариева Нургуль Темирбаевна

Мен елімнің патриотымын! жүктеу


Мен елімнің патриотымын отан елің ата анаң ұстаздар

© Дереккөзі

Tags: ата анаңеліңМен елімнің патриотымынотанұстаздар

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021