Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Мен және менің әлемім

Мен және менің әлемім
Мақсаты: Балалардың өзіне деген құрметін қалыптастыру. Өз әлемін мейірімділік әлемімен байланыстыру. Балалар бойына ізгілік сезімдер мен адамгершілік мінез – құлықтарын қалыптастыру. Жақсылық жасауға, өзін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Міндеті: Салауаттану және өзін оқушының жан дүниесіне бойлай еніп, оны тазалық пен адами жақсы қасиеттерге баули білу
Алдын ала жасалатын жұмыстар: «Болайықшы осындай!» әнінің сөзін қайталау
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, ғажайып сөздер, ертегі қойылымын сахналау
Көрнекіліктер: түрлі – түсті жүрекшелер, күн суреті, шарлар
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
-«Қайырлы күн, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Қанеки бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір – бірімізге қуаныш сыйлап көрейікші. Ол үшін бір – бірімізге қарама қарсы тұрайық! Шын жүректен бір – бірімізге күлкі сыйлайық».

Іздену – ұйымдастырушылық
Әңгімелесу.
– Балалар, «Өзін – өзі тану әлемінің» «Адам» аялдамасына келдік. Бұл аялдамадан біз қандай баламыз? деген сұраққа жауап тауып, жақсы бала болу үшін не істеу керектігін үйренетін боласыңдар. Қане, осы аялдамадағы суреттерге қарап, жағдаяттарды шешейік. Балалар суреттерді қарастырып, жағдаяттарды шешеді, сұрақтарға жауап береді.
Әңгімелеу.
– Балалар, Ә. Дүйсенбиевтің «Мен осындай адаммын» өлеңін тыңдайық. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Мені ешкім жалқау демейді,
Жұмысым бүгін көбейді.
Әкем мен анам жұмыста
Әжем де кеткен туысқа
Жалғыз қалдым үйде мен
Қорықпаймын бірақ мен
Болдым да жинап төсекті
Еңбекке бердім кезекті
Тетігін ашып сулардың
Гүлдерді жайлап суғардым
Келтіріп үйдің сәнін де
Ыдыстың жудым бәрінде

Тамақ та түсте пісіп те
Тойдырды қарнын күшік те
Кінә тағады маған кім?
Мен осындай адаммын!

Балалар сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі.
– Шығармадағы бала қандай бала?
– Баланың қандай істерінен жақсы адам екенін білеміз?
– Сендер үйлеріңде жақындарына қалай көмектесесіңдер?
– Жақсылық отбасынан басталады.
Олай болса «Қолғанаттар» ойынын ойнайық!

Рөлдік ойын «Қолғанаттар»
Тәрбиеші балаларды үш топқа бөледі. Әр топ өз тапсырмаларын орындайды: ойыншықтарды жинау, дастархан әзірлеу, жеміс – жидектерді жуып табаққа салу
Балалар үш топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.
– Сендер нағыз қолғанат екенсіңдер! Рахмет.

«Дәйексөз»
Тәрбиеші балаларға «Жақсы бала қуаныш» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Жақсы бала жақсы істерімен ата – анасын, туған туыстарын, жақындарын, достарын қуантады.

Коллаж – жоба.
Балалар, сендердің әрқайсың жақсы адам екендеріне сенімдімін. Жақынырақ келіп, үстелдің үстінен жақсы баланың істері бейнеленген суретті таңдап алыңдар. Содан кейін сол суретті күн шуақтарына жабыстырып, неге сол суреттегі балаларды жақсы деп ойлайтындарыңды айтыңдар.

Ойын – жаттығу.
«Мен – жақсы баламын!»
Балалар, біз бір қызықты ойын ойнайық. Ойын «Мен – жақсы баламын!» деп аталады. Ол үшін барлығымыз жайғасып, ақырын: «Мен – жақсымын!» деп айтайық. Енді біраз көтеріліп, қаттырақ: «Мен – ең жақсымын!»- деп айтайық. Тік тұрып, еңсемізді көтеріп, қатты: « Мен – жақсы баламын!» – деп айтайық. Тамаша! Енді кері айтып көрейік.

Тыныштық сәті.
Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады.
– Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Сергіту сәті.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым
Мынау – менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Шығармашылық жұмыс
Балаларға қолдан жүрекшелер жасауды ұсынады.

Ғажайып сөздер.
«Жақсы бала – қуаныш»,
«Жақсы адам адал болады», « Мен жақсы баламын», «Жақсылық отбасынан басталады»

Рефлексивті – түзеуші
Қорытындылау.
«Жақсы бала» деген атыңа лайық болу үшін біз әдепті, қамқор, адал, шыншыл, көмек көрсетуге дайын болуымыз керек. Сендер жақсы қасиеттеріңмен сыйлы, сүйкімді боласыңдар.
– Жақсы бала болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?
Мен және менің әлемім жүктеу


Мен және менің әлемім жақсылық жасау өзін өзі тану Дүйсенбиев мен осындай адаммын

© Дереккөзі

To Top