Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Мысық пен тышқандар

Сабақтың тақырыбы: Мысық пен тышқандар
Сабақтың мақсаты:
1. Ертегі мазмұнын түсініп оқу, идеясын ашу. Ертегідегі нақыл сөздің мағынасын дұрыс ұғыну
2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.
3. Үлкеннің ақылын тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгіме, СТО.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылардың қызығушылығын ояту – психологиялық дайындық.
Мұғалім: — Көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.

Мұғалім: — Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

ІІ. Өтілген материалды пысықтау
Үй тапсырмасын сұрау
«Шал мен балалар» мәтінінің мазмұнын баяндату
Оқушылардың бір – біріне сұрақ қоюын ұйымдастыру арқылы қорытынды жасау
Қайталау Сауалнама жүргізу

1. Қазақша жыл санау бойынша ең соңғы жыл
А. түйе Б. ит В. доңыз
2. Аңыз деген не?
А. Өмірде болған адамдадың басынан өткен оқиғалары жөніндегі шығарма Б. Ойдан құрастырылған шығарма
Б. Екі адамның өзара сөйлесуі
3.»Құлақ пен тымақ» қандай шығарма?
А. ертегі Ә. мысал Б. аңыз
4. Қысқы ойын түрлері туралы айтылған өлең
А. Жұмыстың жылуы Ә. Шынықсын денеміз Б. Қыста қызық жұмыс бар
5.»Жұмыстың жылуы» өлеңінің авторы
А. Қадір Мырза Әли Ә. Бүркіт Ысқақов Б. Бердібек Соқбақбаев

ІІІ. Жаңа сабақ
Ой шақыру – Жұмбақ шешу
Мысықтан қорқады, Тонын кие туған,
Түнде жортады. Жалап бетін жуған.(тышқан)

Мұртын сипап күн бойы,
Бетiн сусыз жуады.
Тысырды аңдып түн бойы,
Тышқанды көп қуады. (Мысық)

Сыныпқа сұрақ:
– Тышқан, мысық туралы не білесіңдер?
Ертегі мазмұнын түсіндіру
Ертегіні тізбектей оқыту
Ертегідегі нақыл сөзді тауып оқу
– Ертегі неліктен осы нақыл сөзге құрылған?
– Ертегі желісі бойынша мультфильм құрастыру

ІҮ. Сабақты бекіту
– Мен не үйрендім?
Ойын ойнау «Мысық пен тышқан»
Ү. Үйге тапсырма беру
Ертегіні түсініп оқу
ҮІ. Бағалау


Сабақ жоспары 2 сынып ана тілі мысық пен тышқандар

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top