Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

М. Әлімбаев «Әнші Әміре»

Сабақтың тақырыбы: М. Әлімбаев «Әнші Әміре»
Сабақтың мақсаты: Негізгі идеяны ұғындыру.
1. Әміре Қашаубаевтың өмір жолымен таныстыру. Негізгі ойды, идеяны ұғындыру
2. Оқушылардың ой – өрістері мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
3. Әсемдікке, өнерге қызықтыру және өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО элементтері
Күтілетін нәтиже:
1. Әнші Әміре Қашаубаев туралы мәлімет алады.
2. Мәтінді мәнерлеп оқуды, мазмұндауды үйренеді.
3. Болжауды, өз пікірін айтуға үйренеді.

Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту фазасы. Бұл фазада еркін талдау стратегиясын қолданамын.
1. Еркін талдау стратегиясын қолданудағы мақсат:
Ой – өрісін, ән мен әнші не білетіндерін еске түсіру, ойын жинақтау.
Оқушыларды топқа бөлу, жетон тарату арқылы 4 топқа бөлінеді.
– Балалар, ән дегенде ойларыңа не келеді?
– Әнші дегенде ойларыңа не келеді?
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң – шері, қызық қуанышы.

ІІ. Мағынаны тану фазасында
Болжау стратегиясын пайдалану.
Әміре Қашаубаев туралы не білеміз?
Мақсаты: өз пікірін еркін айтуға, өз көзқарасын дәлелдей білуге, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Оқулықпен жұмыс.
Мақсаты: Әңгімені мәнерлеп, түсініп оқу.
Топпен білім алуын қалыптастыру.
Болжай отырып мәтінді баяндау.
Тапсырмаларды топпен орындау

Сергіту сәті
Ұлылар Әміре туралы
Видеоролик

1 – топқа жуан сұрақ.
– Жазушы Әміренің сыртқы түрін неліктен қазақтың еркіндігін еске түсіреді деп жазып отыр?
– Сахнадағы жүрісі, өзін еркін ұстауы, киім киісі болашақта еркіндіктің боларын сездіреді.
2 – топқа жіңішке сұрақ.
– Әнді Әміре қалай айтады?
– Әнді жүрегімен шабыттанып айтады.
3 – топқа жуан сұрақ. — Сол кезде Әмірені мемлекет қайраткері Луначарский: «Қазақ даласының бұлбұлы» деп атаған. Қазіргі кезде қазақтың бұлбұлы атанған әншілерді білесіңдер ме?
– Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева.
4 – топқа жіңішке сұрақ.
– Әміренің әнін халық қалай тыңдайды?
– Халық сүйіп тыңдайды.
– Балалар, сендер орындалған әннен қандай әсер алдыңдар, жан дүниелеріңді, сезімдеріңді тебіренте алды ма?
Эссе жазу: «Егер мен әнші болсам!»

ІІІ. Ой толғаныс фазасында.
1. Ассоциациялау стратегиясы.
Мақсаты: мәтінді қалай меңгергенін анықтау.
Ассоциация әнші Әміре
Жетілдіреміз
Жүрегімен айтады
Әнді сүйеді
Шетелдерде
Шабыттанып жақсы көрген айтады
Талантты
Халық сүйіп тыңдайды
Дауысы зор
2. РАФТ стратегиясы.
Мақсаты:
Р – рөл журналист
А – аудитория оқушылар
Ф – форма интервью
Т – тақырып: Ән мен әнші.
(Журналист сұрақ қою арқылы сұқбаттасады).
1 – журналист:
1. Әнші Әміре Қашаубаев туралы пікіріңіз?
2. Сізге дәстүрлі әншілер ұнай ма, әлде эстрада әншілері ұнай ма?
3. Әміренің әнін жазушы нелерге теңеп айтып отыр?
3. Жарнама
Сауалнама.
– Сабақ ұнады ма?
– Бүгінгі сабақта кім туралы мағлұмат алдыңыздар?
Бағалау (бағалау парағы бойынша өзін – өзі бағалау, топтың бағалауы)

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Нугманова Гулнар Есбергеновна

М. Әлімбаев «Әнші Әміре» жүктеу


Әміре Қашаубаев ана тілінен күнделікті жоспар Әнші Әміре

© Дереккөзі

Tags: ана тілінен күнделікті жоспарӘміре ҚашаубаевӘнші Әміре

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021