Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев

Өткізген: Какенова Ф. Қ.

Ашық сабақ
4 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңімен таныстыру, мағынасын түсіндіру, қасиетті тағамның бірі – нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсіндіру;
ә) Дамытушылығы: Оқушылардың ой – өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту;
б) Тәрбиелігі: Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, топпен жұмысы, сөзжұмбақ шешу, полиглот
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер (альбом)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. (2 минут)
1 – слайд.
Күнге қолымды созамын,
Күн жылуын аламын.
Жүрегіме басамын
Айналама шашамын. (Шеңберде тұрып орындау)
(Оқушылар айтып болған соң, жылтыр шашылады)

Топқа бөліну:
І – топ: Риза, Асан, Елхан, Диас
ІІ – топ: Абзал, Ерлан, Аслан
Сабақтың және топта жұмыс жасау ережесі:
– Белсенді қатысу
– Тыныштық сақтау
– Бірін – бірі тыңдау
– Ойын ашық айту
– Бір – бірін сынамау
– Ынтымақтастылық
Бағалау әдісімен таныстыру.
Бағалау парағы:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (4 минут)
253 – 256 – бет. Мәңерлеп оқу. түсінік.
Сурет салу. Өлең шығарып келу.
Топпен жұмыс.
Сұрақтар: «Кім жылдам?»
(2 – слайд)
1. «Төрт үлік туралы сабақ» атты өлеңнің авторы кім? (Асқар Тоқмағамбетов)
2. «Түлік туралы сабақ» атты өлеңдегі кейіпкерлерді ата. (Болат, Марат)
3. Болат пен Марат неге таласты?
4. Марат қандай бала? (Марат сөзуар, сөзшең бала)
(Төрт түліктің түрлеріне қарай қалай бөлінетіні туралы таласты)
5. «Сөзуар» сөзінің мағынасы? (Сөзшең)
3 – слайд.
І топ
1. Қойдың түрлерін ата.
(қозы, марқа,, тоқты, қой, қошқар)
2. Сиырдың түрлерін ата.
(бұзау, торпақ, баспақ)
ІІ топ
1. Жылқының түрлерін ата.
(жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті, ат)
2. Ешкінің түрлерін ата.
(лақ, туша, бөрте, шыбыш, ешкі, серке, теке)

Тақырып: Төрт түліктің пірлері. Оларды қалай шақырады? Олар қалай дыбыстайды?
І топ
Қой (Шопан ата) «пұшайт – пұшайт»
Сиыр (Зеңгі баба) « аухау – аухау»
ІІ топ
Жылқы (Қамбар ата) «құрау – құрау»
Ешкі (Шекшек ата) «шөре – шөре»

«БІЛУ»
Мағынаны тану: (3 минут)
Жаңа тақырыпқа кіру мақсатында сөзжұмбақты шешу.
5 – слайд
қ ұ л ы н
о й с ы л қ а р а
а й р а н
1. Жылқының төлін ата.
2. Түйенің пірін ата.
3. Сиыр сүтінен не ашытылады?

Жаңа сабақ: (13 минут)
Жоспары:
6 – слайд.
1. «Егін шаруашылық» тапсырмасы.
2. «Элеватор» тапсырмасы.
3. «Диірмен» тапсырмасы.
4. «Наубайхана» тапсырмасы.
5. «Дүкен» тапсырмасы.

«ТҮСІНУ»
І.«Егін шаруашылық» тапсырмасы. (7 – слайд)

1. Кәрім Сауғабаевтың өмірбаяны және шығармашылығы.
Сауғабаев Кәрім (1941 – 2002) 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ (бұрынғы Қу) ауданының Едірей ауылдық кеңесінде туған. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітіреді. Балаларға арналған алғашқы өлеңдері 1972 жылы кітап болып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып істеді.
Шығармалары: «Жазушы», 1972; Көктем келді, алақай. «Жалын», 1977; Ақшақар. 1980; Балқантаудың басында. 1982; Үлкендерден үлгі аламыз. 1983; Үшқара оттары. 1985;

2.«Нан туралы өлең»
– Өлеңді мәнерлеп оқу.
– Бір шумақтан тізбектеп оқыту.

Нан туралы өлең Кәрім Сауғабаев
О, адамдар, айтарым бар,
… Нанды баспаңдар!

Онда қол жетпейтін аспан бар,
Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
Өтініп сұраймын,
Ана бол, дана бол, бала бол,
Нанды баспаңдар!

Ол биіктен төгілген
Мөп – мөлдір
Зәмзәм суынан өседі,
Нан – өмір.
Нанға «пірім» деп,
Нанға «жарым» деп,
Табынам.
Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан,
Даланың қанынан
Өседі.

Нанға үлкен жүрекпен
Қараңдар!
Нанды өмір деп санаңдар.
Нан болмаса,
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.
… Нансыз тыныштық та болмайды,
Көкіректі мұң,
Жерді шаң торлайды.
Екі ел бірін – бірі жалмайды.
Елімнің құдіретін асырып тұрған,
Менің де, сенің де, оның да
Мерейін үстем ғып тұрған
Дән емес пе?
Дән – ән емес пе,
Дән – нәр емес пе?
Дән – нәресте,
Дән – тіршілік тоқтамайтын…

О, адамдар!
Тіршілік арнасын сақтаңдар.
Диқанның еңбегін
Тер төгіп ақтаңдар.
Әр дәнді жоғалтпай,
Өмірдей сақтаңдар!

О, адамдар! Кең пейілдер!
Бір дән жолда жатса,
Ұлылықпен еңкейіңдер!
Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев жүктеу


Нан туралы өлең Кәрім Сауғабаев ашық сабақ нан туралы еңбек ету астық дән

© Дереккөзі

To Top