Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Наурыз – жыл басы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Мыңжанова Далухан

Наурыз – жыл басы

Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, Наурыз халықтың ұлттық мейрамы екенін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлеуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағыналарын қарай оқушыларды адамгершілікке елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, киіз үй, бесік, қанатты сөздер, шарлар.

1. Ұйымдастыру.
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21 – 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Наурыздың 22 – сі мұсылман халқы үшін Жыл басы, күн мен түн теңелетін уақыт. Сондықтан да Наурыз Ұлыстың ұлы күні деп аталады. «Ұлыс» деген сөз мемлекет деген мағынаны білдіреді. Бұл табиғаттың жер беті бусанып, қар еріп, көктемнің шыға бастайтын уақыты. Көктемде мал төлдеп, қыстан қиеалып шыққан халықтың аузы аққа тиіп, бір жасап қалады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мейрам тойланатын болады. Халық наурыз мерекесіне алдын – ала дайындалады. Киіз үйдің керексіз заттарын тазартып, үйдегі ыдыстарды сүт, айран, бұлақ суымен толтырған. Бұл – тоқшылықтың белгісі. Мереке сәлемдесуден басталады. Ер адамдар қос қолдап амандасса, әйелдер құшақтасып амандасады. Сәлемдескенде «Жасың құтты болсын! Ұлыс береке берсін!» деп тілектер айтады. Күн шығып келе жатқанда «Армысың, Қайырымды Күн – АНА!» деп күнге басын иеді. Күнге тағзым еткен соң, ер адамдар қолдарына күрек алып, бұлақтарды тазартады. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген сөздер айтылады. Бұлақ қасына ағаштар отырғызады. «Бір тал кессең, он тал ек!» деген сөз осыдан қалса керек. Түсте бүкіл жұрт жеті түрлі тағамнан жасалған наурыз көже ішеді. Дастарханға ет тағамдары қойылады. Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады. Дастархан басында жастар үлкендерден бата алған. Кешке жақын жұрт жыр айтысқа жиналады. Жастар алтыбақан тебеді, ұлттық ойындар ойнайды, ән айтады би билейді. Наурыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. Наурыз құтты болсын!

ІІ. Тақпақтар
1 – оқушы Гүлдана
Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Ұлыс береке берсін,
Пәле – жала жерге енсін.
Наурыз мерекесі баршамызға құт – береке әкелсін!
2 – оқушы: Аяла
Наурыз келді теңіздей шаттығымен,
Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.
Құтты дәмі, береке байлығымен,
Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен.
3 – оқушы Маржан
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы уа, Халайық!
4 – оқушы Ерасыл
Жүріңдер Наурыз тойыңа басып аяқ,
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
5 – оқушы Інжу
Наурыз қайта оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Кең дастархан, даламыз, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.
6 – оқушы Қыдырхан
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.

ІІІ. Шашу шашу.

Толық нұсқасын жүктеу


Наурыз жыл басы ұлыстың ұлы күні наурыз көже 22 наурызға арналған тәрбиелік шара

© Дереккөзі

To Top