Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Нағыз адам | Бастауыш сынып

3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Нағыз адам
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Сухомлинскийдің «Нағыз адам» мәтінімен таныстыру

Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Адам бойындағы жаман, жақсы қасиеттерді айтады, ажырата алады.
Көбі: Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестерін талқылай отырып, мағынасын түсіндіре алады.
Кейбірі: Мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжай алады.
Құндылықтарды дарыту: Бірлесіп жұмыс жасау, ортақ пікір шығара алу, бір – бірін тыңдау, шынайы бағалау.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу
Бастапқы білім: Бір кесе меруерт

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
Табиғат қандай тамаша,
Қарайық оған тамсана.
Жүгірген аң – құстардың
Тіршілігі қыста басқаша.

Үй тапсырмасы
«Жедел жауап»берілген сұрақтарға нақты, әрі жылдам жауап берулерің керек.
– Әңгіменің авторы кім? Шәкәрім Құдайбердіұлы
– Ол туралы не білесің? ақын, ойшыл аудармашы.. Абайдың інісі.
– Қай жерде туып – өскен? Семей облысының Абай ауданында
– Қандай дастандары бар? «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек»
– Қандай өлеңдер жинағы бар? « Қазақ айнасы»
– Біз қандай өлеңімен таныстық?»Адамдық – борышың»
– Иесіз жерде қайтыс болған адамның тілегін кім орындады деп ойлайсың?
– Неге оған бір кесе меруерттің пайдасы болмады?
-«Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ»дегенді қалай түсінесіңдер?
Түрткі болу сұрақтары
– Қалай ойлайсыңдар, нағыз адам қандай болу керек?
– адамгершілігі мол
– үлкенді құрметтей білу керек
– кішіге үлгі болу
– әділеттілік,
– достық,
– ар – намыс,
– сабырлылық,
– батырлық

Мектеп: Мәншүк Мәметова
Мұғалім: Жомарт Г. Ж.
Нағыз адам жүктеу


Нағыз адам Сухомлинский жағымды қасиеттер жағымсыз қасиеттер

© Дереккөзі

To Top