Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Негізгі және туынды сын есім | Бастауыш сынып

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Мақсаты:
Білімділік: Негізгі және туынды сын есім туралы білім қалыптастыру; Туынды сын есімнің жасалу жолын түсіндіру
Дамытушылық: Сауатты, көркем жазуға төселдіру, ойлау әрекетін, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.
Тәрбиелік: Өздік жұмыс жасауға, ізденуге баулу.
Ұқыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың типі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО техн.: Ой – шақыру, топтастыру, мағынаны
тану, ой толғаныс, Венн диаграммасы, ойын.
Сабаққа қажет құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, кесте, житондар, қима қағаздар, түрлі гүл суреттері.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (6 слайд)
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару;
2. Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір – бірімізбен амандасып алайық. Ол үшін: «Сәлем, досым» деп қолдарымызбен амандасайық,
2) аяқтарымызбен амандасайық,
3) құлақтарымызбен амандасайық,
4) кішкентай саусақтарымызбен амандасайық,
5) бастарымызбен амандасайық.
– Жарайсыңдар, достар! Міне барлығымызда қуаныш сезімі туды ма? Олай болса көтеріңкі көңілмен барлығымыз саяхатқа аттанайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (7 слайд)
Үйге берілген тапсырманы (18, 20 – жаттығу) ауызша тексеріп өту.

ІІІ. Ой шақыру (8слайд)
• Біз қай сөз табы туралы оқудамыз?
• Сын есім дегеніміз не?
• Етістікті топтастыру

ІҮ. Жаңа сабақ
Мағынаны тану. (9 слайд)
Слайдпен жұмыс, берілген кестедегі сөз топтарын салыстыру.
Олар туралы не айтуға болады?
1 – жұп қай сөз табы?
2 – жұп қай сөз табы?
Сын есімдер қалай жасалған?
ақыл – ақылды
тәртіп – тәртіпті
біл – білгіш
айна – айнадай

Түйін:
• түбір сөзден болған етістікті негізгі сын есім дейміз.
• түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.

Көркем жазу минуты (10 слайд): Гүлді алқап, әдемі қызғалдақ, көгілдір аспан.
Жаттығу жұмысы. (12 – 14слайд)
23 жаттығу. Мақалды жатқа жазу, сын есімдерді тауып, негізгі, туынды екенін ажырату.
24 – жаттығу. (15 слайд)
«Гүл теру» ойыны бойынша орындау. Сөздерді көшіріп жазу. Туынды сын есімді сөз құрамына талдау. Сөйлем құрап жазу.

Сергіту сәті. (16 – 17 слайд)
Келесі кезігетін табиғаттың қандай бөлігі екен? Ол үшін барлығымыз тез ғана:
– Асфальтпен жүрейік (аяқтарымен тықылдатады)
– Енді құмдақ жермен жүрейік (аяқтарын жәй ғана тырпылдатады)
– Алда өзен, жүзу білеміз бе? Қане жүзіп өтейік. Шаршадың ба?
– Енді қайыққа отырайық, ескекпен есейік.
– Енді желкенді қайықпен жүзейік, желкенін көтерейік.
– Барлығымыз желге көмектесейік, желкенге қарай үрейік
– Енді алдымызда не тұр екен? Дүрбімен қарайық.
Жаттығу жұмысы.
25 – жаттығу. (18 слайд)
Мәтінді оқу.
Сын есімдерді тауып, қайсысы туынды, қайсысы негізгі екенін айту.

Ү. Ой толғаныс. (қорытындылау)
1) Венн диаграммасын құру. (19 слайд)
Негізгі сын есім – таза, әдемі, ащы, биік
Туынды сын есім – өнерлі, әдепті, таулы, сүтті.

Түбірден жасалады түбірге жұрнақ қосу арқылы жасалады
ҮІ. Оқушыларды бағалау. (20 слайд)

ҮІІ. Үйге тапсырма: (22 слайд)
26 – жаттығу. Сын есімдерді жазу, салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу. (венн диаграммасы).
27 – жаттығу. Ұйқасын тауып оқу, туынды сын есімді табу.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Саға негізгі мектебінің жоғары санатты
бастауыш сынып мұғалімі – Г. С. Қонарова
Негізгі және туынды сын есім жүктеу


Негізгі және туынды сын есім қазақ тілінен ашық сабақ жоспары

© Дереккөзі

To Top