Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Ондықтарды салыстыру

Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды салыстыру

Сабақтың мақсаты: Ондықтар туралы білімдерін кеңейте отырып, бірліктерді ондықтармен және ондықтарды ондықтармен салыстыруға үйрету;
Сабақтың міндеттері: 1) тәрбиелік: Оқушыларды ауызбіршілікке, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу;
2) білімділік: Ондықтармен бірліктерді салыстыруға, есептердің құрамды бөліктерін берілген өрнек арқылы шығарылатындай етіп өзгертуге, амалдарды орындауға дағдыландыру;
3) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: хабарлау, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, дыбыстық анимациялар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, орыс тілі

Сабақтың барысы:
Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу;
– Зейіндерін сабаққа аудару;
Психологиялық дайындық
1. Бір – біріне тілек айту;
(Оқушылар бір – біріне қарап, көздерін жұмып, отырып, тілек айтады)

2. Мұғалімнің өз тілегі;
Өткенді қайталау
Білгенге – маржан,
Білмеске – арзан.
1. Азайғыш – азайтқыш=……………. (айырманың мәні)
2. Қосылғыш+…………=қосындының мәні. (қосылғыш)
3. 3+2 бұлар…….. өрнектер (санды)
4 – 1
4. а+3 бұлар…….. өрнектер (әрпті)
5 – а
5. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 – бұлар……. сандар (бір таңбалы натурал)
6. 1 ондық…… тұрады? (10 бірліктен)
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Ондықтарды салыстыру бастауыш сыныпқа арналған сабақ

© Дереккөзі

To Top