Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Ондықтармен және бірліктермен санау

Математика 2 – сынып

Тақырыбы: Ондықтармен және бірліктермен санау

Сабақтың мақсаты:
1) сандарды оқу, жазу және салыстырумен байланысты білімді тиянақтай түсу; ондықтармен және бірліктермен санау, кестелік қосу мен азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу және азайтуды қайталау.
2) бір амалмен шығарылатын есептерді орындау дағдыларын дамыту,
3) пәнге қызығушылығын тәрбиелеу.
Көрнекілік: интертақта слайдтары, түсті жолақшалар, сызба, ауызша есептеуге арналған дидактикалық материалдар, цифрлар.
Қолданылатын технология: дамыта оқыту технологиясы.
Әдісі: ойын, топжарыс, көрнекілік, сұрақ – жауап.
Түрі: қайталау сабақ.

Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі,
Психологиялық бағыт беру
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Математика ілімін
Лезде қағат санамыз.

ІІ. Жаңа сабақ:
Интер тақтадағы слайд:
1. Жасыл жолақша 10 тор, көк жолақша 20 тор. Сұрақтар арқылы талдау:
– Неше жолақша бар? – Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?
– Бір жолақша бір ондықты білдіреді. ————– 1 ондық. ═ 10
– Неше көк шаршы бар? —————— (20) – Бұл ондық. ═ 20

– Бір шаршы бір бірлікті білдіреді.
– Соңғы жолақшада барлығы неше жолақша құрастырылған? (10)
– Оның нешеуі жасыл түсті? Нешеуі көк түсті?
– Солай деп тақтаға жазайық: 4+6=10

ІІІ..(Ауызша ) «Айболаттың сұрағы»
– Қанша ондық, қанша бірлік барын айт:
15, 12, 18, 10, 13, 24.
3. Дәптермен жұмыс:
1) Көркем жазу сәті
0 0 0 0 0 0 0 0
1 1 1 1 1 1 1 1
4. №2 4бет. Тақтаға және дәптерлеріне жазу
А) Бір таңбалы сандар: 1, 2, 5, 7, 9.
Ә) Екі таңбалы сандар: 80, 60, 40, 30, 10.

№3. Есеп.
Нұржан – 10жаста,? үлкен ————— Нұржан – 10 жаста
Айдар – 7 жаста —————————– Айдар – 3 жаста,? жас кіші
Ш: 10 – 7=3 ———————————— Ш: 10 – 7 =3
Ж: 3 жас үлкен. —————————– Жауабы: 3 жас кіші
– Салыстырыңдар. Не байқадыңдар?
(Есептің шарты бірдей, шешуі бірдей, ал сұрақтары әртүрлі.

ІҮ. Сергіту сәті
1, 2, 3 – қарлығаш боп ұш
4, 5, 6 – қарлығаш боп шалқы
7, 8, 8, 10 – қарлығаш боп қон!
Ү. Ойын. «Гүл алаңы» Жарыс түрінде 3топ шапшаң есептеп, тақтаға жазу керек.
Оқулықтың 5 беті.
– Қай қатар тез орындаса, сол жеңімпаз.

ҮІ. Шығармашылық тапсырманы орындау.
1 – тапсырма оқулықтан: 6 бет (Интертақтаға сызып көрсету)
1 – сары емес ————————————- жасыл
2 – жасыл да, сары да емес —————— қызыл
3 – қызыл да, жасыл да емес —————- көк
4 – көк те, жасыл да, қызыл да емес. —— сары
3

Әр қорапта қандай шар бар?
2 – тапсырма:
Кроссворд шешу:
Көлденең: 1) Геометриялық фигура
Тігінен: 1) Айырманы табуға арналған амал
2) 24 – 20
3) 35 – 29
ҮІІ. Сабақты қорыту

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Ондықтармен және бірліктермен санау математика 2 сынып ашық сабақ бастауыш сыныптарына

© Дереккөзі

To Top