Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауында» білім беру саласындағы сындарлы міндеттер айқындалып берілген.
Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет көшінің алдыңғы сапына шыққан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан жайдары еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай бейімдеу – білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ, мектеп еншісінде.

Бүгінгі еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы – бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Әсіресе, баланың эстетикалық – көркемдік талғамын ұштап, ұлттық тәрбие береміз. Тіл ана сүтімен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып – жетіледі. Онсыз бала мәңгүрт болып өсіп, елін – жерін сүймейді. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелі жерге дән тастағанмен өнбейтіні сияқты, жас баланы біліммен сусындатып, бағып – күтпесек, көкірегін ашып, тәрбие бермесек, өспейді, өнбейді. Баламен тіл тауып оның бойына білім ұрығын себетін басты тұлға – Ұстаз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүріңдер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады» деген болатын. Ұстазы білімді болса ғана, осы ұлы мақсатқа – еліміздің терезесі тең елге айналуға, мойын бұрамыз.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу – тәрбие үрдісі арқылы оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру – жаңа ғасыр мектебінің мақсаты.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж. Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден – бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп – өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Баяндама бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

© Дереккөзі

To Top