Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Бастауыш сатыдағы білім берудің негізгі мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым – қатынасқа дайындау. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс – әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, ұстаз алдындағы үлкен міндет.
Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.

Оқу – тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс – әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамытуда көзделуі қажет. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мен сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырамын. Әдіс – тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына жеке – қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлеуге, айтуға, іскерлікке, ізденуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отырдым, өз тәжірибемнен байқағаным өзімнің «Қағаздан бөрік жасау» тақырыбында өткізген сабағымды алдымен тақырыпты ашу мақсатында ой – қозғау әдісі арқылы сұрақтар қойдым.

1. Қандай бас киім түрлерін білесіңдер?
2. Бас киім не үшін керек?

Балалар ойланып, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Мағынаны тану үшін оқушыларға бөрік туралы түсінік беріп және ассоциация әдісін пайдаланып бөрік түрлерін атап көрсетіп, оқушылардың ойында жаңа ұғым қалыптастыру мақсатында бас киімге байланысты ырымдар мен тыйымдарды айтып түсіндірдім.
Оқулықтағы дайындалған үлгідегі қағаздан жасалған бөрік түрлерімен таныстырып, өзімнің көрнекілікке жасаған бөрік бұйымдарының жасалу ретін түсіндірдім.

Өзіндік жұмыс барысында оқушылар тапсырманы әр түрлі деңгейде орындады.
Бірінші деңгейдегі оқушылар олар көмекті қажет етпейді дәл мұғалімнің түсіндіргенін қайталамайды, өзінің түсінгені бойынша қиялымен жұмыс жасайды.
Екінші деңгейдегі балалар олар өзіне сенімді практикалық жұмысты мұғалімнің түсіндіргеніндей дәл әрі ұқыпты орындайды.
Үшінші деңгейдегі балалар көмекті көп қажет ететін, олар еркін қимылдай алмайтын балалар.
Бірінші деңгейдегі балалар жасының ерекшелігіне қарамастан, өзгелерден даралығымен, шұғыл шешімділігімен, өз бетімен жұмыс істеуге деген құштарлығымен ерекшеленеді, яғни жас дарын шығады деп ойлаймын.

Осы сабағымды оқушыларға берілген тапсырманы орындату арқылы баланың өзінің ойын қағазды бүктеу, өлшеу, қырқу, жапсыру, түстерді үйлестіру мен көркем безендіру жұмыстары арқылы оқушыны ізденушілікке баулып, оның көркемдік талғамын қалыптастыруға, шығармашылық қабілетін оятуға өзінің ықпалын тигізді деп ойлаймын.
Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбекке баулу пәнінің мазмұнына енген тақырыптар аппликация, мозаика, табиғи материалдар, маталар, қағазбен жұмыс жасау. Осы қарапайым құралдар мен материалдардың арқасында әсем де ғажайып жұмыстарды жасауға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл жастағы баланың сезінуі, түсіну қасиеттерінің қалыптасуы және қоршаған ортаның сұлулығын өзінше көреді, өзінше талдап қорытындылайды. Олай болса бала өз ойын, танымын, көзқарасын сабақ барысында пайдалануға ұсынылған материалдар (мата қиындылары, түймелер, жіптер, ермексаз, ұсақ моншақ, ұсақ тас т. б) жасаған бұйымдары арқылы айшықтауға тырысады. Бұл көркемдік жұмыстар баланың сезіміне, қиялына әсемдікті өз қолымен жасауға түрткі болады. Және оларды шығармашылыққа жетелейді. Жалпы балалардың тұрмыста қолданылған материалдарының қалдықтары үлкен бір шығармаға айналады.
Оқушылар материалдардың қасиеттерін ескере отырып болашақта жасайтын бұйымдарының бейнесін алдын ала ойластырады.

Балалардың бойындағы қабілеттерін ашу үшін «Жас шебер» үйірме жұмысы да үлкен роль атқарады. Оқушылар үйірме жұмысында түрлі материалдарды құрауға, өңдеуге, құрастыруға үйренеді. Оқушылардың түрлі материалдар мен құралдармен жұмыс істеуі тек қол жаттығуларымен ғана емес, ақыл – ойын дамытады.
Сабақ барысында оқушылардың әр түрлі материалдардан жасалған және үйірме жұмысында орындаған бұйымдарын жинақтап «Он саусағы майысқан», «Шебер болар ұрпақпыз» тақырыбында көрме жасадым.

Бұл жинақталған көрме оқушылар шығармашылығы
Осы үйірме арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізіп жатырмын.
Қорыта келгенде, О. Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Осы жұмыстарды жүргізіп тиімді әдіс – тәсілдерді қолданып жүріп ұстаз шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойындағы әр – түрлі сапалық қасиеттерді қалыптастыра алады.


Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру баяндама доклад

© Дереккөзі

To Top