Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

«Оқуға шақыру» Ахмет Байтұрсынұлы

Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Оқуға шақыру» Ахмет Байтұрсынұлы
Сабақтың мақсаты: 1. А. Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын игереді, біліктілігі артады.
2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдері жетіледі, ойын қорытып түсіндіріп айта білуге дағдыланады, бір – бірінің пікірін тыңдауға, өз ойларын дәлелдеп айтуға машықтанады.
3. Зиялы адамдар өмірімен таныса отырып, оқуға, білім алуға құштарлыққа, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақтада слайд
Әдісі: СТОД технологиясы, түсіндіру, әңгіме, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. «Мен қандаймын?»
Мысалы: Мен бақытты Балаусамын, ілтипатты Іңкәрмін т/б.
Қызығушылықты ояту.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
– Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің?
Жұмыс түрі: 1) жеке ойлау
2) көршісіне айту
3) Топпен талқыға салу

ІІ Үй тапсырмасын тізбектеп сұрап, қосымша сұрақтар қою арқылы бекіту.
«Әліппенің атасы» мәтінінің мазмұнын сұрау
Кітаптағы суреттер сыры неде?

ІІІ. Жаңа сабақ:
Мағынаны тану.

«Топтастыру» әдісі
1. Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгенін пайдалана отырып, интербелсенді тақтада жұмыс жүргізу.
ақын
мұғалім
аудармашы
әкесі Байтұрсын
Алматыда мұражайы салынған
Шаруа отбасында туған

Ендеше бүгін А Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңімен танысамыз.
Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке – жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу.
Дәптермен жұмыс (түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндіру)

«Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиясы.
Ахметтің арманы не еді?(Әр топмүшелері ақылдасып бір – бірден пікірін ортаға салады.)
Оқуға, еңбекке шақыру
Арманы қазақ халқының көзін ашу

Қазақ елін көтеру

Сөздік жұмысын жүргізу
Іздеп тауып алалық – бұл жерде: үйрену, оқу, іздену.

Топпен жұмыс
(Әр топ бөлім бойынша берілген өлеңшумақтарын өз сөздерімен түсіндіреді)
І бөлім: «Оқуға шақыру»
ІІ бөлім: «Еңбек іс – әрекеті»
ІІІ бөлім «Даналық»
Сергіту сәті

7 – тапсырма бойынша сызбаны талда.
1. Даналық, оқу, білім, т. б. сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың?
Оқушы: Себебі: Құмырсқа – еңбекқор, адал, таза, ұйымшыл жәндік.

Ой толғаныс.
Топпен жұмыс
І топ: Семантикалық кесте

ІІ топ: «Бес жолды өлең» құру
1) Ахмет Байтұрсынов
2) үйретеді, тәрбиелейді
3) білімді, дана, ақылды
4) Қазақ халқының көзін ашты
5) Ғалым

ІІІ топ: Венн диаграммасы
Бағалау
Жеке, топты бағалау
Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттау, Эссе«Менің елім үшін қосатын үлесім»


Оқуға шақыру Ахмет Байтұрсынұлы ана тілі 3 сынып күнделікті сабақ жоспары

© Дереккөзі

To Top