Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.

Сауат ашу, 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1. 2. 1. 1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір – біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Оқу құралы – учебное пособие – tutorial

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Сабақтың ортасы 8 минут
№1 Өлеңді мұқият тыңда.
 Өлең не туралы?
 Сауатыңды ашатын қай кітап?
№2 Берілген заттардың алғашқы әріптерінен құралған сөз сұрақтың жауабы болады.

Сергіту сәті 1 минут
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
Қызықты тапсырма 8 минут
Ережені есіңде сақта!
Айналамыздағылардың бәрінің атауы бар. Оны бір – бірімізге сөз арқылы жеткіземіз. Жазуға үйренгенше өздің сызбасын пайдаланамыз.

Аяқталуы 16 минут
№3 Суретте көрсетілген заттарды ата. «Автор орындығы»
№4 Сөмкеге оқушыға қажетті оқу құралдарын ғана сал.

Сабақтың соңы 2 минут
Рефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

Мұғалімі: Рисжанова Эльмира Амангельдиновна

Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз. жүктеу


Оқу құралдары дыбыс түрлері дауысты дауыссыздар жуан және жіңішке дауыстылар

© Дереккөзі

Tags: дауыссыздарДауыстыдыбыс түрлеріжуан және жіңішке дауыстыларОқу құралдары

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021