Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Home Бастауыш сынып

Райымбек бастауы

Share on FacebookShare on Twitter

Сабақтың тақырыбы: Райымбек бастауы
Мақсаты:
Білімділігі: Әңгімені мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру. Оқушылардың өз еліне, ата – мекеніне сүйіспеншілігін арттыру. Қазақ халқының батырлары туралы алған мағлұматын көбейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Райымбек бабамыз сияқты батыр, елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: топпен жұмыс
Көрнекілігі: Батырлар туралы буклет, Райымбек батырдың суреті, сөзжұмбақ
І. Жүрісі: Ұйымдастыру
Сынып үш топқа бөлінеді.
І топ – Бөгенбай
ІІ топ – Наурызбай
ІІІ топ – Қабанбай
Әр топқа сабаққа қатынасқан сайын қоржындағы асықтар беріледі. Сабақ соңында асықтар саналып, қай топтың асығы көп сол топ жеңеді.
ІІ. Үй тапсырмасы
А) Батырлар туралы өлеңдерді жатқа айту
Ә) Үй тапсырмасын қорытындылау үшін сұрақтар беріледі, сол сұрақтар арқылы сөзжұмбақ шешіледі.

Б Ұ Қ А Р
С А Б А Л А Қ
Б Ө Г Е Н Б А Й
А Р Ы С Т А Н
ӘБ І Л М А Н С Ұ Р
НА У Р Ы З Б А Й
Т Ө Л Е
К И І М

1.Өлеңдер авторы кім?
2.Абылайға Төле бидің қойған аты
3.Абылайға бата берген қарт батыр
4.Бұқар Қабанбайды неге теңейді
5.Абылайдың шын аты
6.Еңкерістен жау келсе,
Бетіме ұстар керегім,
Өліспей тірі беріспес,
Артықша туған еренім, – қай батырдың өлеңінен үзінді?
7.Әбілмансұр мәтініндегі бидің аты
8.Берен дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ. «Райымбек бастауы»
А) Автор жөнінде түсінік беру
Жолдасбай Тұрлыбаев – 1932 жылы туған. Жазушы. Көптеген кітаптары жарық көрген. Соның ішінде «Тамыз таңы» Райымбек батырға арналған. Мәтін осы кітаптан үзінді алынған.
Ә) Мәтінді түсіндіру
1. Райымбек сарбаздарының сусыздықтан тарығуы
2. Райымбектің Көкойнақты жетектеп, суды іздеп табуы
3. Сарбаздардың қуануы, бастаудың Райымбек атануы
ІV. Сөздікпен жұмыс
Сүңгі – бұл жерде: найза
V. Оқулықпен жұмыс
Әр топтан екі оқушыдан мәнерлеп, тізбектей оқыту.
VІ. Сұрақтарға жауап беру
Батырлар қаруы суреті сыртына жазылған сұрақтар беріледі. Жауап берсе сол сурет сыйға беріледі.
1. Райымбек сарбаздары неге тап болады? Айбалта
2. Райымбек қандай шешімге тап болды? Шоқпар
3. Ол Көкойнақты жетектеп қайда бет алды? Қылыш
4.Көкойнақ неге оқыранып жіберді? Найза
5.Райымбек неге қуанып кетті? Садақ
6.Су шыққан бастау қалай аталады? Қамшы

VII.Тапсырмалар:
І топ: Мәтіннен Райымбектің сарбаздарына айтқан сөзін тауып оқы
ІІ топ: Көкойнақтың суды сезген әрекеті айтылған тұсты тауып оқы
ІІІ топ: Райымбектің қуанған сәттегі көңіл – күйін білдіріп тұрған сөзді айт.
VIII. Шығармашылық жұмыс. Сөздерге сөйлем ойлау, жаздыру
І топ: ат, жеңілді
ІІ топ: шаба жөнелді, найза
ІІІ топ: жеңді, қылыш
ІХ. Сауалнама. Әр оқушыға жеке-жеке таратылады.
1. «Райымбек бастауы» әңгімесінің авторы кім?
А) Жолдасбай Тұрлыбаев
Ә) Ғафу Қайырбеков
Б) Мұхтар Әуезов
2. Райымбек кім?
А) Әнші
Ә) Күйші
Б) Батыр
3. Әңгімеде не жөнінде айтылған?
А) Қалмақпен соғысуы
Ә) Сусыздықтан тарығуы
Б) Аңға шығуы
Сауалнама сол бойда тексеріліп, қай топ қалай жауап бергені сараланады.
Х. Үйге тапсырма: «Райымбек бастауы» әңгімесінен түсінік айту.
ХІ. Сабақты қорытындылау.
І топ – 8 асық, ІІ топ – 13 асық, ІІІ топ – 10 асық, жақсы қатынасқан оқушылар бағаланады.


Бастауыш сынып ана тілі Райымбек бастауы

© Дереккөзі

Tags: ана тілібастауыш сыныпРайымбек бастауы

Related Posts

Бастауыш сынып

3 сынып «Түбір мен қосымша»

Бастауыш сынып

Ауа дегеніміз не?

Бастауыш сынып

Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Бастауыш сынып

Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы

Бастауыш сынып

Қош бол, сүйікті Әліппем

Бастауыш сынып

Алтын балық

Бастауыш сынып

Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Бастауыш сынып

Бар байлықтың басы – нан

Бастауыш сынып

Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

Бастауыш сынып

Шыбын мен көбелек

Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021