Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Рәміздері елімнің неткен әйбат, әдемі!

Рәміздері елімнің неткен әйбат, әдемі!
Білімділік мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің мағыналық және көркемдік – эстетикалық болмыс, бітімі барысындағы таным – түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық мақсаты: Баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, ой – өрісін кеңейту, өз бетіндік жұмыс жасау дағдысын жетілдіру;
Тәрбиелік мақсаты: Өз елінің тарихын құрметтеуге, патриоты болуға тәрбиелеу. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: ойын – саяхат сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ел рәміздері суреттері, жалаушалар, шарлар т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар дөңгеленіп тұрады. Қолдан жасалған шаңырақтың уықтарын ұстап, әр бала аты – жөнін айтып, жақсы тілектер тілейді. Мысалы: Еліміз тыныш болсын, бақытты болайық, аспанымыз ашық болсын, береке болсын, бірлік болсын т. б.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
– Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы.
Біздің елордамыз Астана қаласына барғымыз келеді. Қазақстанның әрбір қалаларынан өту үшін бізге түрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды орындау арқылы бір қаладан екінші қалаға өту мүмкіндігіміз бар. Біз қазір Ақтау қаласында тұрмыз. Бұл қаладан өту үшін біз электронды тақтадағы ұяшықтарды таңдап берілген сұрақтарға жауап беруіміз керек.
(Интерактивті тақтадан санды ұяшықтар көрсетіледі)

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қалай аталады?
20. Қазақстан Республикасы туралы не білесің?
30. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы не білесің?
40. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны туралы не білесің?
50. Буын түрлерін ата?
60. Мемлекеттік тіл туралы өз ойыңда айт.
70. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
80. Туған жерің туралы әңгімеле.
90. Туған жер, Отан туралы қандай мақалдар білесің?

Тыңдалым
(Интерактивті тақтадан елтаңбаның суреті көрсетіледі)
Қазақстан Республикасының елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шашылған. Оны аңыздардағы қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Шаңырақ – отбасының, бүкіл адамзат ұясының нышаны. Ол қазақ халқы үшін айырықша қастерлі ұғым.
Киіз үй – көшпенділер мәдениетінің сыйы.
Ал мүйізді алтын қанатты қос пырақ – киелі шаңырақты қос қапталынан орап, пәле – жала, қауіп – қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер қалдырады.
Жұлдыз – барлық бес құрлық мемлекеттерімен, халықтарымен ашық қарым – қатынас жасауға деген ұмтылыстың белгісі.

Тыңдалым, айтылым, жазылым.
Балалар, біз Ақтөбе қаласына келіп қалыппыз. Бұл қаладан өту үшін біз жаңа сөздерді қайталап, дәптерімізге жазып, сөйлемдер құрауымыз керек.
а) Жаңа сөздердің айтылуын меңгерту үшін тізбектей және жекелей оқытып шығу. Қазақ тілінің төл дыбыстарының айтылуына, интонациясына баса назар аударту.
ә) Жаңа сөздердің дұрыс жазылуын қадағалай отырып, дәптерлеріне көшіртіп жаздыру.

Мәтінмен жұмыс.
Балалар, біз Атырау қаласына жетіп қалыппыз. Бұл қаладан өту үшін мына тапсырмаларды орындауымыз қажет.
Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру. Тиісті жалғауларын дұрыс айтқызу.
Қ. Р Мемлекеттік Туы (- ның, – нің) ортасында арайлы күн, күннің төменгі жағында қалықтаған қыран құс бейнеленген. Ту (- дың,- дің) ағаш сабына бекітілген тұста қазақтың ұлттық оюларымен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Ту (- дың,- дің) ені ұзындығының жартысына тең, түсі аспан түстес – көгілдір. Қ. Р Мемлекеттік Туы (- ның,- нің) авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Рәміздер туралы ашық сабақ ту елтаңба тәрбие сағаты рәміздер

© Дереккөзі

To Top