Математика 3 сынып
Сабақ тақырыбы: Санды 9 – ға көбейту және бөлу
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:
Білу: Санды 9 – ға көбейту және бөлу кестесін білу
Түсіну: 9 – ға көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру және оны пысықтау.
Қолдану: Тапсырманы орындауда кестені дұрыс қолдану.
Талдау: Көбейту мен бөлу кері амалдар екенін талдау.
Жинақтау: Кері байланыс арқылы алған білімдерін тиянақтау.
Бағалау: Өзін – өзі бағалау және топтық бағалау.
Күтілетін нәтижелер: – Санды 9 – ға көбейту және бөлу кестесін біліп, түсінеді.
– 9 – ға көбейту және бөлу тәсілімен оқушылар танысады.
– Тапсырманы орындауда, кестені дұрыс қолдана алады.
– Көбейту мен бөлу кері амалдар екендігін талдай алады.
– Кері байланыс арқылы алған білімдерін тиянақтай алады.
– Өзін – өзі бағалай алады және топтық бағалау кезінде топ басшысы өз ойын нақты айта алады;
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық – ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
2. Тренинг өткізу.
Өткен тақырыпты сұрау
Балалар біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Санды 8 – ге қалай көбейтеміз екен?
Ой шақыру
Ал, енді балалар, қазір біз сендермен саяхатқа аттанамыз, ғарышқа ұшамыз. Зымыранымызды қыздыру үшін мынадай математикалық диктантты орындауымыз керек.
Мұғалімнің аты – жөні: Какимбекова Анар Бекеновна
Санды 9 – ға көбейту және бөлу жүктеу
Санды 9 – ға көбейту және бөлу 9 ға көбейту және бөлу тәсілі көбейту мен бөлу кері амалдар
© Дереккөзі