Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Сауат ашу бөлімі бойынша ойындар

Сауат ашу бөлімі бойынша ойындар.
Сөздік қорын дамыту жұмысын ұйымдастыруда ойын ең негізгі орын алады. Логопед бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын оқу қызметін ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Оқу қызметін ұйымдастыруда танымды және дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда логопед өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым – қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын – тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Логопед балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т. б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4 – ші не артық?», «Есіңде сақта», «Күн мен түн».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы – жаман»,
«Жалғастыр», «Үш сөз ата».

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс – әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма – жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл – ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Міне, сондықтан да оқу қызметі үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан – жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.

1 -«Кім көп сөз біледі?»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Шарты: Р, Ш, Л дыбыстарына байланысты сөздер айтып, пришепканы бір – біріне қыстыру.

2 -«Сиқырлы сандық»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын, фонетика – фонематикалық есту қабілетін және логикалық ойлауын дамыту, ептілік пен тез әрекет етуге үйрету.
Шарты: сыйқырлы сандықтың ішінен дөңгелекшелерді алып, онда бейнеленген суретті атап, ондағы басқы және соңғы дыбысты атап, соңғы дыбыстан басталатындай етіп сөздерді ретімен орналастырып жұлдызды құртты құру, яғни дөңгелектерді ретімен бір – біріне байлау.
3 -«Алма ағашы»
Мақсаты: Р, Л, Ш дыбыстарын дифференцациялау. Дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөзде бекіту.
Шарты: себеттегі алмада бейнеленген суретті атап Р, Л, Ш, С дыбыстарын бір – бірінен ажыратып, алма ағаштарын алмаға толтыру.

4 -«Балық аулайық»
Мақсаты: берілген суреттерді атап, сөйлем құрауға үйрету.
Шарты: балықты аулап, ондығы берілген суреттерді байланыстырып сөйлем құрау.

5 -«Мен жақсы сөйлеймін»
Мақсаты: балалардың байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөйлемде бекіту.
Шарты: ертегіні электрондық қазақ үй құралынан тыңдап, желісі бойынша әңгімелеу.
Сауат ашу бөлімі бойынша ойындар жүктеу


Сауат ашу бөлімі бойынша ойындар ойындар жинағы ойын түрлері бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын түрлері

© Дереккөзі

To Top