Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Сауысқанның ұясы | Бастауыш сынып

Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сауысқанның ұясы.
Сілтеме: 4 – сыныбына арналған оқулық.
Мақсаты
А) Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын біле отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Ә) Оқушылар өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге дағдыланады.
Б) Сауысқанның ұясы туралы түсінік қалыптастырамын.
Күтілетін нәтижелер: Топтық жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір – бірінен үлгі алады. Сыни тұрғыдан ойланады. Автор туралы біледі. Көркем тілде сөйлеуге үйренеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны тану, «Ассоциация» стратегиясы, «Миға шабуыл» стратегиясы.
Керекті жабдықтар
Оқулық, кеспе қағаздар, стикер, маркер т. б.

Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын балық аттарына байланысты топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін үй жұмысын, 4 топтан бір – бірден айтады. Жаңа материалдарды игеру үшін «ой қозғау» стратегиясы бойынша қиял – ғажайып әңгімелер туралы білгендерін ортаға салады. Мәтінмен жұмыс

Топтық тапсырмалары
І топ: Мәтін мазмұнын әңгімелеу.
ІІ топ: Құс ұясын сипаттайды.
ІІІ топ: Оның қасиеттері туралы топтастырады.
ІV топ: Автор туралы айтады.
Сауысқанның ұясы жүктеу


Сауысқанның ұясы әдебиеттік оқу 4 сынып дүниетану пәні бойынша сабақ жоспары

© Дереккөзі

To Top