Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Саяхатқа дайындалу. З дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Саяхатқа дайындалу. З дыбысы мен әрпі (1 сынып)
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары 1. 3. 6. 1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу
1. 2. 4. 1 мұғалімнің көмегімен қарама – қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату мұғалімнің көмегімен қарама – қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар білуге тиісті: жаңа білімді меңгереді.
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбір оқушылар: алған білімді өмірде қолдана алады.
Алдыңғы оқу: Саяхатқа дайындалу. Ө дыбысы мен әрпі.
Басы Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай – былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай – былайойнат.
– Балалар, бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Ортасы
Оқулықпен жұмыс
Асылбек сурет салып отыр еді. Желдеткіштен маса ұшып кірді. Маса бөлме ішінде ызыңдап ұшып жүрді. Ол Асылбектің қолына қонып, шағып алды. Асылбек қолын шапалақпен шарт еткізіп еді, бір – ақ маса ұшып кетті. Асылбек мынадай өлең айтты:
Шағып алды адамды,
Ауыртады тызылдап.
Үйдің іші қараңғы,
Масалар жүр ызыңдап.
– Маса қандай дыбыс шығарады екен?
З әрпімен таныстыру.
зу – зу – зу – ……………. /жазу/
зы – зы – зы – …………../ қозы/
зе – зе – зе – ………… /терезе/
ұз – ұз – ұз -…………/тұз/
үз – үз – үз -…………/күз/
за – за – за – Ауа қандай таза.
аз – аз – аз – келді, міне жаз.
ыз – ыз – ыз – Анар жақсы қыз.

№1 Оқылым.
Аз қаз өз көз өзен заман қоңыз сағыз тоғыз Зере.
№2 Сурет және тірек сөздердің көмегімен ертегі құрастыр.
Тірек сөздер: ұзақ, шөлдеді, құмыра, тұмсығы, су, тас, салды, көтерілді.

Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
3 әрпінің жазу үлгісін ауада, тақтада жазын көрсету.
– 3 жазылуы, қай санға ұқсас?( салыстыру)
– 3 әрпін ауада жазғызу
– Жазу жолына 33 әріптерін жазғызу

Сергіту сәті
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тымсылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Мектеп: ЖББ Абай ОМБК
Мұғалім: М. К. Харесова
Саяхатқа дайындалу. З дыбысы мен әрпі жүктеу


З дыбысы мен әрпі сауат ашу саяхатқа дайындалу ашық сабақ з дыбысы мен әрпі

© Дереккөзі

Tags: ашық сабақ з дыбысы мен әрпіЗ дыбысы мен әрпіСауат ашусаяхатқа дайындалу

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021