Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Сергіту сәттерінің жинағы | Бастауыш сынып

Сергіту сәттерінің жинағы
1. Доп, доп,
Топ, топ,
Допты қоямыз.
Аяқпен тебеміз,
Доп жоқ,
Қап, қап,
Тап, тап!

2. Қар – қар – қар,
Гули – гули – гули.
Сен қайда барасың?
Мен жем жеуге барамын
Мен де барайыншы?
– Жоқ
– ЫЫЫЫЫЫ
Жылама, жылама
Жүр екеуміз бірге барайық

3. Түлкі – түлкі – түлкішек
Түнде қайда барасың?
Апам үйіне барамын.
Апан саған не береді?
Ешкі сауып сүт береді.
Оны қайда қоясың?
Тал түбіне қоямын.
Ит ішіп кетсе қайтесің?
Бақан ала қуамын.
Жеткізбесе қайтесің?
Жылап, жылап қоямын.

4. Ал балалар тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарайық, солға қарайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

5. Жел соғады,
Жаңбыр жауады.
Ағаштар қозғалады.
Балалар тығылады.

6. Орнымыздан тұрайық,
Шапалақты соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.

7 Қанат жаям жалма – жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам,
Аяғымның ұшына.

8. Ұзын мұртты тышқан,
Келе жатты жұмыстан.
Алдына үлкен доп қойдым,
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.

9. Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі.

10. Бала, бала, балақан,
Қане, біздің алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай, былай ойнат.

Топ – топ, топ – топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса – жаса, жарқын күн,
Жаса – жаса, алтын күн.

11. Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ!

.
12. Ал балалар тұрайық,
Әсем шеңбер құрайық.
Ирек, қайнар, құсқанаты
Өрнектерін құрайық.

13. Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашайық,
Беске бесті қосайық.

14. Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

15. Ақ қоян – ау, ақ қоян,
Орнынан тұршы,
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Бізбен бірге ойнашы.

16. Есікте тұр бір құлып,
Біз оны қалай ашамыз?
Созамыз,
Айналдырамыз,
Соғамыз, ашамыз.

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы
Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі
Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі Турлыбекова. Г. К.
Сергіту сәттерінің жинағы жүктеу


Сергіту сәттерінің жинағы бастауыш сыныптарына арналған сергіту жаттығулары

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top