Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Сурет салғым келмейді

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№8 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Махамбетова Мереке Қазбағанбетқызы

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сурет салғым келмейді
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінді мазмұндауға, мәнерлі оқуға үйрету. Автор туралы қысқаша мағлұмат беру. Әдеби тілде сөйлей білуге үйрету
Дамытушылық: Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау, ойлау қаблеттерін дамыту. Өнерге деген қызығушылығын дамыту
Тәрбиелік: Үлкеннің сөзін тыңдауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың технологиясы: БжС ауызша сабақ – 1 картасы
Сабақтың көрнекілігі: ОӘЖӘ

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі А) оқушыларды түгендеу
Психологиялық тренинг:
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.

– Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

І кезең: Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын бекіту «Нақты сұрақ, дәл жауап» бөлімі
– Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
– Өлеңде қандай мамандықтар туралы айтылады?
– Өлеңдегі Күләш пен Әміре деп кімдерді айтып отыр?
– «Бір қолымен әлемді екінші қолымен бесікті тербетеді» – деп кімдерді айтуға болады?

– Аналардың арасында да бір қолымен мектеп шаруасын, екінші қолымен үй шаруасын тындыратын аналар бар. Сондықтан ананы қадірлеп, құрметтеп бағалай білу ол сіздердің парызыңыз.
– Олай болса бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы да осы аналар жайлы болмақ.

ІІ Жаңа сабақ кезеңі
Қысқаша автор, тақырып туралы мағлұмат беру.

Есте сақтау кезеңі – (30 секунд) тірек сөздерді жаттау
Тірек сөздер:
1. Ағай
2. Ана
3. Өнер әлемі
4. Жамал
5. Ержан
6. Шеше бейнесі
7. Оқиға
Жатқа жазу –( 30 сек) ІІ бағалау кезеңі
Кітаппен жұмыс. Мәтінді оқыту (5 – минут)

Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар берілген тірек сөздерді тауып, тақырыптағы мағынасын ашады. Сонымен бірге балалар мәтінді өте қатты көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім қарама – қарсы және сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде әрбір деталға көңіл аудару керек. Картаның негізгі мақсаты, оперативті ойлау қабілетін дамыта отырып оқу материалын сапалы меңгерту және сыныптың барлық күш – жігерін берілген тақырыпты ақпаратты өңдеуге біріктіру.

III кезең.
Тірек сөздер бойынша қиылыс сұрақтары. матрица бойынша отырған балалардан сұрап, бағалау.

III кезең. Матрицаға бағалау кезеңі

ІҮ кезең. Сын тұрғысынан сұрақтар қою
• Бұл жолы мұғалім бір емес, бірнеше альбом ала келіпті
• Түрлі түсті ермексаз партаның астында шашылып жатыр
• Ағай серпіле сөйледі де, әл жинағандай аз тоқтады
• Біз планетамызды әрдайым үлкен доп деп санаймыз
• Жер бетіндегі тіршілік атауы анадан басталады
• Ұстаз туралы сөздерімді тым жұмбақтап айтып кеткен жоқпын ба? – деп Салауат ағай сөзін жалғастыра берді
• Өнер әлемінде ана тақырыбын әу деп, алғаш шырқай ән салғандар – эстрада әншілері
• Олар сүйікті мектебінің сұлбасын тасқа қашап салды
• Одан беріде ертедегі мысырлық суретші ана мен жар бейнесін Нефертитидің әйгілі мүсініне дарытты
• Қайта – қайта анамның сөзін гүрілдеген дыбыс бұза берді
• Анам дыбысқа мән бермей сөзін жалғастыра берді
• Тырсылдаған дыбыс шыққан жаққа қараса ағай алдындағы қағазға қаламмен сызып отыр екен
• Еңкейіп жерге түскен акварелін аламын деп пе, әлде ұялғаннан ба Ержанның беті қып – қызыл болып кетіпті
• Ағай бәріне неге бүйттіңдер? – деп сұрап қазбалады да, тыныш отыр деп жекіді (жоқ)
• Олар орнына отырып тыныштала қалды
• Кітаптың бетін қайта ашты да әдетіне кірісті
• Менің сурет салғым келмейді – деді
• Портфелін көтеріп алды да, сыртқа қарай ентіге жүгірді
• Бүкіл класс осылай болғанын Салауат ағайдан көріп шулай кетті
• Ержан табалдырықты жүре аттап, артына бұрылмай кетіп қалды
• – Не болды өзі? Не жаздым? Қай жерден кемшілік кетті? – деп, класс алдында тұрғанын кеш аңғарса да, тез қалпына келді.

Қорыту:
Мақалдың жалғасын тап
Ана сүтін ақтамағанды
……………………………………
Ата – ананың қадірін
………………………………
….. алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
……… көңілі балада,
Баланың көңілі далада

– Балалар аналарымызды әрдайым қуантып жүрейік. Ана деген өмірдегі жаныңа ең жақын адамдардың бірі.

Ү. Бағалау кезеңі: Матрица бойынша
Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндау. Ана туралы шағын эссе жазу.


Сурет салғым келмейді ана туралы әдебиеттік оқу сабақ жоспары

© Дереккөзі

To Top