Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)

Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)
Сабақтың мақсаты: Мысал мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
– оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
– ауызша, диалогты сөйлеу машығын жетілдіру;
– сыни ойлау дағдыларын дамыту;
– қойылған мәселеге нақты өз сөзімен еркін жауап беруге үйрену;
Қолданылған модуль: «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», АКТ.
Әдіс – тәсілдері: Ой қозғау, ментальді карта, диалогты оқыту, ой түйіндеу, Венн диаграммасы, топпен жұмыс
Мұғалімнің іс – әрекеті
Оқушылармен жылы амандасу. Шағын үш топқа бөлу.

Білем деме балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.

Ш. Уәлиханов «Абылай хан»
I топ.
1. Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады?
2. Халық неден қатты қиналды?
3. 1730 ж. Шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім? Мақсаты не еді?
II топ.
1. Абылай кім?
2. Неге қазақ халқы Абылайға сенеді?
3. Қалдан Серен қайтыс болған соңғы жағдайды айт.
III топ.
1. Абылай өсиетінде кімнен байланысты үзбеу керек деді?
2. Абылайдың денесі қайда жерленді?
3. Халқы Абылайды неге пір тұтты?
Мәтінді осы жоспар бойынша әңгімелеу.

Сонымен балалар, Абылай хан қандай адам екен?
Ендеше біздің де бойымыздан осындай жақсы қасиеттер байқалсын.
Жұмбақ
Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тiсi бар.
Тұла бойында
Тасыған күшi бар,
Күжiрейген жалды,
Бiлсең айт бұл аңды? (Арыстан)

Үй iшiн аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады. (Тышқан)

Олай болса, бүгін
С. Торайғыровтың «Арыстан мен тышқан» деген мысал өлеңімен танысамыз.
Мысал деп нені айтамыз?
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көлемді шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады.

– Қане, балалар, С. Торайғыров туралы мәліметтер жинақтадық. Олай болса, сұрақтарға жауап берейік.

С. Торайғыров кім?
А) С. Торайғыров туралы толықтыру.
Б) Сызбаға түсіру

– С. Торайғыров (1893 – 1920) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аулында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген «Неге жасаймын», «Шәкірт ойы», т. б. өлеңдердің, «Қамар сұлу», т. б. көркем шығармалардың иесі.
– Ал, балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Арыстан мен тышқан» деп аталады.

«Арыстан мен тышқан»
а) Оқушының оқуы (оқушылар қарындашпен автор, арыстан, тышқан сөздерін бөліп отырады).
в) Сөздік жұмысын жүргізу.
Сейіл құру – қыдыру, бойын жазу.
Зиян – залал, зақым
Азат қыл – еркіндікке жібер, босат.
– Мәтін шығарманың қай түріне жатады?

Мысал
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көлемді шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады.
ә) қарапайым сөзбен мазмұның айтқызу.
б) Оқушылардың рөлдерге бөліп оқуы (бетперде киіп).

Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

1 топ. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез – құлықтар байқалады?
Арыстанның сөзінен оның қандай мінез – құлқын байқауға болады?

2 топ. Бір шумақ өлең жаз.

3 топ. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?

Қане, ендеше балалар, айта қойыңдаршы, арыстан мен тышқанның айырмашылығын салыстырыңдаршы, екеуіне мінездеме беріңдер. Екеуі де аң.
I топ. Арыстанға мінездеме берейік.
II топ. Тышқанға мінездеме беру.
III топ.
Мысал мазмұнына сәйкес мақал – мәтел айт.(Әлді – әлсіз туралы мағынасын түсіндір)

Шығарманы видео арқылы оқушыларға көрсету.

– Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
– Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
– Тышқан арыстанға берген уәдесін қалай орындады?

– Балалар, бүгін біз кімнің шығармасымен таныстық?
– Мәтін ұнады ма?
– Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
– Адамдар қатты қысылған уақытта қандай көмек беру керек?
– Осы мысалдан қандай сабақ алдыңдар?

Түйін
Үлкен сабақ түйгеніміз мысалдан –
Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.
Тығырыққа тірелер күн туғанда
Арыстан да көмек сұрар тышқаннан!

Арыстан мен тышқан мәнерлеп оқу.
Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазып шық.

Үйге тапсырма
Өзін – өзі бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Сұлтанмахмұт Торайғыров арыстан мен тышқан мысал дегеніміз ашық сабақ әдебиеттік оқу 4 сынып

© Дереккөзі

To Top