Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Сәулет өнері 4 – сынып

Ашық сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері. 4 – сынып.
Мақсаты:
Оқушыларды сәулет өнерімен, Қазақстан сәулет өнерінің даму ерекшеліктері мен жаңа мазмұнымен таныстыру. Сәулет өнерінің әлеуметтік ортада алатын орны туралы түсінік беру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы белсенділігін арттыру.
Көрнекіліктер:
1. Слайдтар: Сәулет өнері дамуы, Ежелгі Қазақстан, Қазіргі Қазақтан: Алматы, Астана, Орал, Орда.
2. Көрмелер: Сәулетшілер мен суретшілер туындылары. Мектеп оқушыларының сурет көрмесі. Кітап, журналдар.
Технологиясы:
1. Н. Оразақынованың сатылай комплексті талдау әдісі: Ой шақыру, түртіп алу, топтастыру стратегиялары.
2. Шаталовтың тірек – сызбалар арқылы түсіндіру әдісі.
3. Ж. Қараевтың деңгейлеп – саралап оқыту стратегиясы.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Балаларды түгелдеп, оқу құралын қадағалау.
– Балалар, бейнелеу өнері сабағында біз сурет сала білуге, айнала қоршаған ортаны, оның әсемдік құбылыстарын бақылауға, көре білуге машықтанамыз. Сонымен қатар, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен, өнер әлемі жөнінде білімімізді арттырып жүрміз.
ІІ. – Ой шақыру стратегиясы бойынша, өткен сабақтардан алған білімізді еске түсірейік.
1. – Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
– Графикалық сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет, дизайн.
2. – Оларды талда.
– Графикалық сурет – қарындашпен, бір түсті бояумен, көмір, пастель, т. б. салынатын сурет. Кескіндеме – түрлі – түсті бояумен, майлы бояу, акварель, т. б. салынған шығарма.
Мүсін – қай жағынан қарасаң да көлемі көрінетін, саз, ағаш, пластиллин, мрамор, керамика т. б. жасалатын туынды. Сәндік қолданбалы өнер – әр түрлі мата, қағаздан, қайшы, ине – жіп, клей т. б. құралдар арқылы жапсырмалау тәрізді әдістермен жасалатын бұйымдар. Сәулет және дизайн өнерін біз бүгінгі және келесі сабақтарда өтеміз.
3.- Бейнелеу өнерінің жанрларын ата?
– Портрет, пейзаж, натюрморт, анималдық, баталдық, тұрмыстық, т. б

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Сәулет өнері 4 сынып ашық сабақ бейнелеу өнері

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top