Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Cабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан – жақты толық мағлұмат беру;
ә) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру;
б) өз пікірін айтуға төселдіру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру.
Әдісі: түсіндірмелі – мысалды әдіс.
Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау сабағы
Көрнекілік:, кеспе қағаздар, сурет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлемнің қандай мүшелері болады екен?
Сөйлемнің дара мүшесі неше сөзден жасалады? Күрделі мүше деген не? Көркем жазу.

III. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Айымда кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш бар деген сөйлем құрастырылады. Бұл сөйлемнің ішінде 5 сөз бірдей сұраққа жауап береді. Не? сұрағына жауап беріп, бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан олардың сыртқы тұлғалары да, бірдей болып келеді.
Біз орманды, көлді, өзенді қорғаймыз. (Сөйлемде сөздер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесімен байланысып тұр.)
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз. Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады: 1. Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі. 2. Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде. 3. Ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі..

IV. Оқулықпен жұмыс. 41 – жаттығу. Ауызша. Сөйлемнен бірыңғай мүшені табу. 42 – жаттығу. Көшіріп жазу. 44 – жаттығу. Ауызша.
45 – жаттығу. Өз бетімен жұмыс.

V. Сергіту сәті. 1. ЕҚАШНА ӨКІТРІАТЙПА.
2. БІЛМЕНІҢГЕДІ – БІЛНЕНГЕН СРҰА » Бір әріптің ізімен” ойыны. Ооо Ттт Ббб Жжж Ддд Ойынның шарты: Сөйлем құрамындағы сөздер тек қана бірдей әріптен басталатын болуы керек. Сөйлем құрамында нақты сұрақтарға жауап беріп тұрған сөздер, сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтайды. Сөйлемді бір оқушы құраса, екінші оқушы талдау жасайды.
Мыс: Орман отқа оранды. Дәурен допты домалатты. Салтанат сиыр сауды.
Тарас тракторды тоқтатты. Балықшының баласы бақырды.
Жамбыл Жабаев жазушы. «Жұмбақты математика»
Картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ қосылғыштар. Қосында не болады? Көкөністер болады.
Қосындысында мектеп сыныбы. Қосылғыштарды тап.
Орындық, үстел, шкаф, диван қосылғыштар. Қосындысында үй жиһаздары.
Бірыңғай сөйлем мүшелерді айтқызу.

VI. Сабақты бекіту. Тест. Дұрыс па, бұрыс па?
1. Сөйлем мүшесі дегеніміз – сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз.
2. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
3. Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
4. Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
5. Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі дара мүше деп аталады.
6. Жайылма сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрады.
7. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейді.

VII. Сабақты қорытындылау. Өзіндік жұмыс кітабымен жұмыс жасау.
Бүгінгі сабақта нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?
Сөйлемнің бірыңғай мүшесі деген не? Олар бір – бірімен қалай байланысады? Мысал келтір.
YIII. Үйге: ережені жаттап келу, 43 – жаттығу. 55 – бет.


Сөйлемнің бірыңғай мүшелері күнделікті жоспар бастауыш

© Дереккөзі

Tags: бастауышкүнделікті жоспарСөйлемнің бірыңғай мүшелері

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021