Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Сөйлем 2 сынып

Қ.Рысқұлбеков атындағы № 33 ОМ
Бастауыш сынып мұғалімі: Ғ.Б.Ошибаева

Тақырыбы: «Сөйлем»
2 – сынып
Пікір
Оқу бағдарламасы бойынша берілуге тиісті білімді жете меңгерту – мұғалімнің басты міндеті. Ал сол міндетті орындау барысында Ғалия Бекенқызы, жаңа технологияны пайдаланып, өткізген сабағын ұсынып отыр.
Сөйлем туралы ұғым оқушыларға сауат ашу кезеңінен бастап таныс. Сөйлемді ажыратуды, сөйлемнің сөзден құралатынын, әр сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылатыны тірек – сызба, шығармашылық тапсырмалар.
«Тапсырма» ойыны арқылы танысады. Ал «Қай сөзді жоғалттым» ойыны сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерінің ерекшелігін танытуда, дауыс ырғағына келтіріп, дұрыс оқуға дағдыландыратыны анық.
Бұл сабақта интерактивті тақтаны тиімді қолдануға болатынын, жаңа технологияны меңгеру барысындағы үлкен еңбектерін байқатады.
Сондай – ақ мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық ізденіс нәтижелері көрінеді.

Кіріспе
Сабақта қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты оңдай ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.

Ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады, сөз қорларын молайтуларына көмектеседі .

Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуіне мүмкіндік тұрғызады.
Сөйлем туралы ұғым оқушыларға сауат ашу кезеңінен бастап таныс. Олар сөйлеуден сөйлемді ажыратуды, сөйлемнің сөзден құралатынын, әр сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылып, соңына тыныс белгісі қойылатынын жақсы біледі. Сондықтан 2 – сыныпта оқушылардың сөйлемге қатысты білімдері одан әрі тереңдетіле түседі.

1-сабақта сөздерді салыстыра оқыту арқылы қай бағандағы сөздер сөйлем, қай бағандағы сөздер сөйлем емес екендігі байқатылады. Келесі сабақтарда сөйлемдерді оқыған кездегі дауыс ырғағы салыстырғызылады.
Салыстыру арқылы бірінші сөйлем жай хабарлауды білдірсе, екіншісі сұраулық мағынаны білдіріп тұрғаны, үшіншісі сүйсінуді, таңдануды білдіріп тұрғаны түсіндіріледі. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем тақырыптарына берілген жаттығулар мен тапсырмаларды орындау нәтижесінде балалар хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің қандай мағынаны білдіретіндігін, айтылу саздарын, олардың соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын білуі және берілген сөздерден сөйлем құрай алуы тиіс.

Сабақта қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты оңдай ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.
Ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады, сөз қорларын молайтуларына көмектеседі .

Сабақтың тақырыбы : Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау: оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру ; тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, өзін-өзі бағалауын жетілдіру; өз біліміне сын көзбен қарай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік, слайтар, сұрақ-жауап, топтастыру, рефлексия, талдау, ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер, тірек- сызба, ойын-құралдар, карточкалар.
Сабақтың пәнаралық байланысы: ана тілі, дүниетану.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Жүрегімнің жылуы.
1. Үй жұмысын тексеру. Суретпен жұмыс « Қыс » туралы әңгіме құрастыру.
2. Жаңа сабақ . Бағдарлау – мотивациялық кезең.Сабақтың мақсатын қою
Оқушының қызығушылығын ояту.
– Ерте – ерте, ертеде бір Сөз деген патша болыпты.

Оның отауы Синтаксис деп аталды
Сөздер бір- бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі
толықтырып тұрыпты.
Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.

Сонымен бүгін біз, сол еліне шығамыз. Онда қыс айы, енді біз жылы киініп, шаңғыға отырып жолға шығайық.
– Сендерге сәт сапар тілеймін!
– Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін.

1 тапсырма: Ормаңда бізді жыл құстары қарсы алды.
Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа

Жұмбақтардың шешуін тауып, әріптерінен сөз құрастыру
Күндіз – түні жүреді
Сырғымайды бір елі.

Тәтті, тәттінің іші қатты,
қаттының іші тәтті.

Жарана жағасын, аман-сау боласын
Қанаты жоқ – ұшады,
аяғы жоқ – қашады
Ти десем, тимейді,
тиме десем, тиеді
Отқа жанбас, сұға батпас
– Балалар, қандай сөз шықты ?

Сөйлем
– Балалар, кімді көріп тұрмыз?
– Аққаланы.
– Енді келесі тапсырманы орындайық
– Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру
аппақ
Айнұр
Киім
Қыс !
жасады
аққала
Киді
Дала?


Қазақ тілі сөйлем бастауыш 2 сынып

© Дереккөзі

To Top