Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Сөйлем

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін – өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Достық қарым – қатынасқа баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс – тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ – жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қимақағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан – жақты тексеру кезеңі.
• Сөйлем дегеніміз не?
• Сөйлем неден жасалады (құралады)?
• Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
• Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?
• Сөйлемнің соңынан қойылатын тыныс белгілер. Сөйлем түрлері.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
1. Сөйлем туралы түсініктерін нығайту.
2. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру.
3. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті

——————————————————————–
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
Оқулықпен жұмыс. 1 – жаттығу.
Қайсысы сөйлем? Неліктен?
Сөйлемге тән белгілерді есіңе түсір.

Білім, кітап, бұлақ.
Кітап – білім бұлағы.
2 – жаттығу. Сөйлемдегі сөздер қалай байланысады?
Осы сөздерден сөйлем құрап жаз.
Өзгеріске түскен сөздерді тап.

Кітап, оқы, көп.
Сендер, білім, көп, көмектеседі, болу.

4 – жаттығу.
1. Мәтінде неше сөйлем бар?
2. Тиісті тыныс белгісін қоя отырып көшіріп жазу.
3. Әр сөйлем неше сөзден құрылған?
4. Ертегіні жалғастыр.
Пысықтау. Сөйлемнің соңынан қойылатын тыныс белгілер: ——— ———– ———

Тыныс белгілер:

Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым – соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.
НҮКТЕ – сөзіне дыбыстық талдау жасау. Сөйлем құрап айту.
5 – жаттығу. Нүкте не үшін керек?

Ереже: Сөйлемнен соң нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі қойылады.

Сергіту сәті.

Қосымша жұмыс. ішінде (хаб. сөйлем) сыртында (Сұраулы, лепті сөйлем)
Сөйлемдерді бөліп жазғызу.

Қосымша жұмыс.
Сары ала қаз
Қазақстан көлдерінен сары ала қаздарды жиі кездестіруге болады. Олар түлкі мен борсықты індерінен қуып шығады. Аузындағы жемдерін тартып жейді. Кейде азулы аңдарға балапандарымен барады. Қаздар бұл батылдықты қайдан үйренді? Оны жыланнан үйренген. Қаздар жауын жыланша ысқырып қорқытады.
(Қызықты зоология ) ( 40 сөз )
Тапсырма:
Мәтінде неше сөйлем бар?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 6 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

Толық нұсқасын жүктеу


Сөйлемнің түрлері хабарлы сөйлем сұраулы сөйлем лепті сөйлем тыныс белгілер

© Дереккөзі

To Top