Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

С.Сейфуллин «Ақсақ киік»

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин «Ақсақ киік» (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету, қызыл кітап жөнінде түсініктер беру
2. Дамытушылық. Оқушыларға көркем сөздердің мағынасын меңгере отырып, әдеби тілмен жүйелі, жинақтап сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, Отанын, елін, жерін, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ребустар, ақын портреті, текше, суреттер, күй, перфокарталар
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, топтастыру, Кубизм әдісі
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру.
Оқушылар назарын сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын сұрау
– Балалар біздің бүгінгі сабағымыз бірнеше бөлімдерден тұрады.
1 – бөлім -«Білімді мыңды жығар» деп аталады. Бұл бөлімде біз үй тапсырмасынан білімімізді ортаға салайық.
«Көкшетау»мәтінінің мазмұнын сұрау, мәтіннен үзінді жатқа айту.
Тақтадан Көкшетау табиғатының суреттерін көрсету. Көкшетау – табиғаты әсем өңірлердің бірі. Ол – Сарыарқаның солтүстігіндегі тау.
Көкшетауда мүсін көп,
Көрген адам тамсанған.
Әрбір тасы шыр шертіп,
Ақ қайыңы ән салған.
«Бәйге» ойыны арқылы үй тапсырмасын қорыту
2 – бөлім -«Жүйрік болсаң жасыңнан»
Ребус шешу -«Ақсақ киік»
Дәптерге күн жадын жазып, сабақ тақырыбын жаздыру
3 – бөлім -«Оқу. оқу түбі – тоқу» деп аталады. Бұл бөлімде «Ақсақ киік»өлеңін оқып, танысайық. Өлең авторымен таныстыру.
Сәкен (Сәдуақас) 1884 жылы 15 қазанда Жезқазған өңірінде дүниеге келген қазақ әдебиетінің негізін салушы. 1914 жылы «Өткен күндер»
Атты тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан. 1920 – 1936 жылдары көптеген қызметтер атқарып, атқарушы орынбасар, газет редакторы, ғылыми орталық төрағасы, институт директоры, журналдар басшысы болған. 1936 жылы тұңғыш рет Қазақ жазушылары ішінен Қызыл Ту орденімен марапатталады. 1938 жылы жазықсыз жала жабылып, қайтыс болды.
Оқулықтан мұғалімнің өлеңді оқып, түсіндіреді.
– Арқаның Бетпақдала деген даласы бар. Ол республикамыздың оңтүстігіндегі шөлейтті өңір. Ол жерде тұзды көлдер, сор, тақыр көп болғандықтан ешқандай ел жоқ екен. Сол далада киіктер мекендейді.
Киік – ең жүйрік, сұлу, киелі жануарлардың бірі. Оны ақбөкен деп те атайды, баласы
«құралай» деп аталады. Киіктер мамыр айында төлдей бастайды, сол кезде ауа – райы бұзылып, жауын – шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атайды.
Киіктің тағы бір ерекшелігі – олар ешқашан жетім қалған лақтарын тастамайды.
Кез – келген киік маңырап шыққан құралайды кездестірсе, қасына барып, емізіп, өзімен
бірге ертіп кетеді. Киіктің жүйріктігі сондай туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмаймыз екен. Киіктің мүйізін аңшылар шет елдерге сатып,
ақша қылады. Киіктің саны азайып бара жатқандықтан, ол қорғауға алынып, 2006 жылы «Қызыл кітапқа»енді.
4 – бөлім -«Ойлы болсаң, озып көр»Оқушыларға кесте таратылады.
Кестені толтыру.
Зат есім 1 сөз Мысалы: киік
Сын есім 2 сөз сымбатты, жүйрік
Етістік 3 сөз жүгірді, қашты, жеткізбейді
Сөйлем 4 сөз Ол Қызыл кітапқа енген.
5 – бөлім -«Тапқыр болсаң, талас жоқ». Кубизм әдісі
Атау. Киікті
Сипатта. Киікті
Дәлелде.«Құралай желі»
Зертте.«Киіктің бауырмалдығы»
Талқыла«Киікті қорғау»
Жарияла«Қызыл кітап»
III. Қорытындылау.
– Киік санын қалай көбейте аламыз?
Ақбөкен
дала жануары
жүйрік, сымбатты
киік
Қызыл кітапқа енген баласы құралай мүйізі қымбат
Сұрақтарға жауап беру
– Мәтіннен әсер еткен оқиға.
– Сені өкіндірген не?
– Ұнаған ой, сөз, сөйлем
– Сені қуантқан тұс.
-«Егеменді елдің ертеңі – білімді ұрпақ» деп елбасымыз Н. Әбішұлы айтқандай әрқашанда ізденіп, білімді болайық!
Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау. Сабақты аяқтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Сәкен Сейфуллиннің ақсақ киік өлеңі

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top