Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

С. Шаумаханов Ағаш ек

Тақырыбы: С. Шаумаханов «Ағаш ек»
Мақсаты: Мәтін мазмұнын түсініп, идеясын ашу арқылы балаларды дүниежүзілік мәселелер жайлы сөзге тарту. Дүниетану пәнімен байланыстыра отырып оқушылардың жан – жақты танымын кеңейтіп, білуге құштарлығын арттыру, дамыту. Отан мен туған жер, табиғат ұғымдарының бірлігін жасампаз адамзат істері арқылы түсінуге мүмкіндік беру. Экологиялық мәселе шешімін іздеуге талпыныс арқылы оқу, жазу, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекілігі: тақта, бор, қосымша материалдар, плакат, маркер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, ассоциация, топпен жұмыс, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау, бағалау. Қадыр Мырза – Әли «Бірінші рет балға ұстаған балаға» мәнерлеп оқу.
Жаңа сабақ: Психологиялық дайындық: Жел еседі, жел еседі,
Тербеледі ағаштар.
Біз айтамыз «тыныш – тыныш»
Биіктесін ағаштар!

Қызығушылығын ояту: Көнеден қалған мынадай сөз бар екен: Адам өз өмірінде 3 нәрсе жасау керек: ол – үй салу, ағаш егу, бала тәрбиелеп өсіру. Олай болса С. Шаумахановтың «Ағаш ек» мәтінін оқып, түсінеміз.
– Көктемгі қандай еңбек түрлерін білесің? (егін егу, жер жырту, ағаш отырғызу, мал төлдету, жер жырту т. с. с)
– Ал ағаштар туралы не білеміз? Ағаштың адамзатқа тигізетін қандай пайдасы бар? Саралап көрейікші:

АҒАШ

демаламыз
ауаны тазартады
топырақты қорғайды
кондиционер
Жеміс береді
Отын
Құрылыс материалы
Үй мүліктерін жасайды
Қағаз, дәптер
Құстардың, жан – жануарлардың мекені
Көрік береді

– Ағаш пайдалы екен, отын керек болса, не үй салатын болсақ орманға барып кесіп ала береміз бе?
– Қазақстанда қандай ормандар мен бақтар бар?
– Ормандарды, жалпы табиғатты қорғау үшін қандай жұмыстар істеліп жатыр?(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Топпен жұмыс:
1 – топ: Қазақстандағы қорықтарды жазыңдар.
2 – топ: Өздерің білетін ағаш түрлеріне топтастыру жасаңдар.

Мағынаны тану:
Мәтінді тізбектей оқу арқылы түсіну, мазмұнын игеру.
Дәптермен жұмыс:
1 – топ: Тегінде бір нәрсеге бас ию керек болса, онда осы ағаштарға бас иіп, тәжім ету керек. Адам өз өміріне қажеттің бәрін осы ағаштан алады.
2 – топ: Топырақ орманы болғанда ғана Отанға айналады.
3 – топ: Артыңда мал қалғанша, тал қалсын.
Әр топ өздеріне берілген асыл сөздердің мән – мағынасын ашып, түсіндіреді.

Үйге: Мәтінді түсініп оқып келу. 5 жолды өлең құрап келу.

Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын

Қорытынды:
1 – топ: Ауладағы ағаш не деп сыбдырлайды? деген тақырыпта мысал жазу (рөлге ену)
2 – топ: Биылғы көктемге ағаш егу жоспарын құрыңдар.
3 – топ: Ағаштарды қорғау заңын құрастырыңдар.


С. Шаумаханов ағаш ек экологиялық мәселе ораманды қорғау ашық сабақ ағаш егу

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top