Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Табиғаттан нәр алып

№ 21 – сабақ
Тақырып: Табиғаттан нәр алып
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру, аялау
8 сынып
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың «табиғат», «жер», «су», «ауа», «топырақ» туралы ұғымдарын кеңейту.
Сабақтың міндеті:
Оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;
оқушыларды табиғатты сақтап – қорғауға, аялап – баптауға баулу.
сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Баяу музыка қойылады.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар.
Көздеріңізді жұмыңыздар. Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

ІІ. Сыныпты топқа бөлу ( Жер, су сөздері жазылған парақтармен бөлу)
Тақырыпқа шығу. Видеоматериалды көруді ұсынамын. Қалай ойлайсыздар бүгінгі тақырыбымыз неге бағытталған? Мақсатымыз қандай болады?

ІII. Негізгі бөлім Топпен жұмыс
1 топ Г. Жандыбаевтың «Гүлдер» атты өлеңін оқиды талдайды.
2 топ А. Толыбаевтың «Ақ гүл» мәтінін оқиды. Топ ішінде талдайды. Бір бала баяндайды.

IҮ Флипчартпен жұмыс. Табиғаттан біз қандай нәр аламыз? Табиғат бізге не береді?

V. Жүректен жүрекке
Пікірді жалғастырып айту
1. «Табиғат – мен үшін қуаныш, өйткені…»
2. «Табиғат – мен үшін денсаулық, өйткені…»
Оқушыларға таратылған алма пішініндегі қағазға жер – анаға деген ризашылықтарын жазып, оқып, сыныпта тұрған ағашқа алма іледі. (Ән ойнап тұрады).

ҮІ. Шығармашылық жұмыс
Ө. Тұрманжановтың
«Туған жер топырағыңнан айналайын» өлеңіне пікірталас
Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін бейнелеу (сурет салу, әңгіме жазу, т. б.)
Ой шақыру.
Табиғат дегенде көз алдарыңа не елестейді? Көз алдарыңа елестеген заттың суретін салыңыздар немесе жазыңыздар.(Әр топтан суреттерін қорғайды, табиғат туралы ойларын оқиды).
Ой – пікір.
Табиғат туралы не білеміз?
“Табиғат” сөзіне ассоциация құру.
Табиғат → жер, ауа, су, күн, ай, топырақ, жануарлар әлемі, өсімдік,

ҮІI. Топпен ән айту
А. Қалаубаева. «Ертегілер» әні

ІХ. Үй тапсырмасы
А. Сейдімбек. мәтінді оқып, адам мен табиғат арасындағы жарасым туралы ой бөлісіңдер. Дәйексөзді жаттау, мағынасын ашу.

Х. Қорытынды
Адам табиғаттың бір бөлшегі. Жарқырап шыққан күн, таза ауа, мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп, оның жан дүниесін мейірлендіре түседі.
Адам мен табиғат арасындағы байланыс тамыры тереңде жатыр. Адам өмірі табиғатқа тәуелді. Табиғатты қорғау – өз өміріңді қорғау дейтініміз де сондықтан.

Потанин ЖОББМ Лебяжі ауданы
Мұғалімі: С. К. Хамитова


Табиғаттан нәр алып жақсы көру аялау табиғатты аялау табиғатты құрметтеу

© Дереккөзі

Tags: аялаужақсы көрутабиғаттан нәр алыптабиғатты аялаутабиғатты құрметтеу

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021