Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Тест Қазақ тілі 3 сынып

Қазақ тілі 3 сынып
І нұсқа

1. Түбір сөзді тап. а) аға ә) балалар б) өнерпаз

2. Туынды сөзді белгіле. а) көлге ә) өнім б) Абзал

3. Жуан буынды сөзді белгіле.
а) достар ә) зергер б) пілдер

4. Жіңішке буынды сөзді тап.
а) күзгі ә) батылдық б) қайратты

5. Қосымшалы сөзді тап. а) жаңбыр ә) балалар б) ескек

6. Зат есімді тап. а) тарақ ә) семіз б) қызыл

7. Түбір күйіндегі зат есім. а) арқан ә) балалар б) үлкендер

8. Туынды зат есім қайсы? а) кілем ә) аяқ б) жұмыскер

9. Тәуелді жалғаудағы сөзді тап. а) сексен ә) досым б) Ақан

10. Көпше түрдегі тәуелдеулі сөз қайсы?
а) досыңыз ә) достарымыз б) бағбан

11. Етістік сөз қайсы? а) елу екі ә) отырды б) әдемі

12. Етістіктің сұрақтары қайсы?
а) Кімдер? Нелер? ә) Қандай? Қай? б) Не істеді? Қайтті?

13. Дара етістікті тап. а) ағып жатыр ә) ағады б) бара бер

14. Туынды сөзді көрсет. А) татулық Ә) дойбы Б) қызмет

15. Тақырып дегеніміз не?
а) Сөйлемдегі сөздердің байланысын.
ә) Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
б) Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын атайды.

16. Болымды етістікті тап. а) келме ә) кел б) бар

17. Реттік сан есімді тап.
а) Алтау, жетеу ә) Алтыншы, жетінші б) алты, жеті

18. Сын есімді тап. а) үлкен ә) елу екі б) Асқар

19. Туынды сын есім дегеніміз не?
а) бұл түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім
ә) бұл түбір сөзден болған сын есім
б) Кім? Не? Деген сұрақтар қойылады

20. Сан есімді тап. а) қырау ә) сегіз б) еріншек

21. Сан есімнің сұрақтары қайсы?
а) Не істеді? Қайтті? ә) Қандай? Қай? б) Кім? Не?

22. Есептік сан есімнің сұрақтары?
а) нешінші ә) Қанша? Неше? б) Қаншау? Нешеу?

23. Реттік сан есімді тап. а) үшеу ә) екі б) үшінші

24. Дауыссыз дыбыстар қатары: а) ы, і, ұ, ү
ә) в, ч, щ, х, һ, б, г, д, ж, з, л, м, н, б. б) а, о, ә, е.

25. Сөйлем неден құралады?
А) әріптен Ә) дыбыстан Б) сөзден

Қазақ тілі 3 сынып
ІІ нұсқа
.
1. Түбір сөзді тап. а) әнші ә) кітап б) кәсіпкерден

2. Туынды сөзді белгіле. а) көлшік ә) өрнек б) өнер

3. Жуан буынды сөзді тап. а) үлгілі ә) қуаныш б) көршілер

4. Жіңішке буынды сөзді тап. а) достық ә) көлігі б) бағала

5. Қосымшалы сөз қайсы? а) жалқаулық ә) жиек б) қонақ

6. Зат есімді тап. а) үлкен ә) ақын б) бесеу

7. Қосымшалы зат есім қайсы? а) үйлер ә) Әсел б) адам

8. Негізгі зат есімді тап. а) ыдыс ә) күйші б) ойыншық

9. Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
а) заттың атын білдіреді
ә) заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшалар
б) заттың қимылын білдіреді

10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап.
… бауырында шырша көп өседі.
А) Алатау Ә) Алатаудың Б) Алатауда

11. Етістік сөзді тап. а) бұтақтар ә) секірді б) сексен екі

12. Сын есімнің сұрақтары?
а) Не істеді? Не істейді? ә) Кім? Не? Б) Қандай? Қай?

13. Дұрыс жазылған сөзді тап.
А) силады Ә) сыйлады Б) сыйылады
114. Күрделі етістік қайсы? а) бақылап тұр ә) отырды б) ұшыпты

15. Негізгі етістік қайсы? а) шегеле ә) жаз б) тазала

16. Болымды етістікті тап. а) бар ә) барма б) айтпа

17. Етістік дегеніміз не? а) заттың қимылын білдіреді
ә) заттың атын білдіреді б) заттың санын білдіреді

18. Сан есімді тап. а) әдепті ә) бес б) анар

19. Негізгі сын есім қайсы? а) жақсы ә) әдепті б) таудай

20. Сан есімді тап. а) он бес ә) әкелді б) егіз

21. Сын есімнің сұрақтары?
а) Кім? Не? ә) Қандай? Қай? б) Не істеді? Қайтті?

22. Есептік сан есім деген не? а) заттың реттік саны
ә) заттың топтау реті б) заттың нақты саны

23. Қатені тап. а) төртінші ә) алтіншы б) бесеу

24. Лепті сөйлем қалай айтылады. а) баяу, кідіріс, жасап
ә) тезірек, шапшаң б) көтеріңкі дауыспен

25. Мәтінді тап.
а) Бұлт, ыдырап.
ә) Аспаннан нөсерлеп жаңбыр жауды.
б) Аспанды қою қара бұлт басты. Әуедегі құстар да көрінбейді. Күн қатты күркіреді. Найзағай да жарқ – жұрқ етті. Нөсер құйып кетті.
Тест Қазақ тілі 3 сынып жүктеу


Тест қазақ тілі қазақ тілінен тест тапсырмасы тест қазақ тілі 3 сынып

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top