Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Теңдеу шешу

Математика
Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу.
Сабақтың мақсаты: Б. Құрылымы күрделі өрнекті жазып, мәнін таба білуге үйрету.
Д. Ой – өрісін есте сақтау қабілетін дамыту.
Т. Ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, үлестірмелер бойынша, слайд
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, өзіндік, іздену.
Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік.
– Қазір қай мезгіл?
– Қыс.
– Қыста қандай мереке бар?
– Жаңа жыл мерекесі.
– Жаңа жыл мерекесінде бізге кім келеді?
– Аяз ата.
– Олай болса бүгін біздің сабағымызға аяз ата келіп отыр. Ол өзінің тапсырмаларымен келіп отыр. Аяз атаның берген тапсырмасын орындайық. Мына қағаздардан бір – бірден алың, осы бойынша ата сендерді топқа бөлмек.
Фигураларды таратып сол бойынша топқа бөлу.
1. Үшбұрыш тобы
2. Шаршы тобы
3. Тік төртбұрыш

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№ 7, 103 бет

ІІІ. Өткенді пысықтау.
Ойын: «Кім жылдам?»
1. Үш бұрыш тобы – үшбұрыштың периметрін тап – 2см, 2см, 3см.
2. Шаршы тобы – шаршының периметрін тап – 3см, 3см, 3см, 3см
3. Тік төртбұрыш тобы – тік төртбұрыштың периметрін тап – 4см, 4см, 2см, 2см

Ойын: «Сиқырлы үшбұрыш»
– Осы желтоқсанның 16 – сында қандай мереке бар еді?
– Тәуелсіздік күні.
– Тәуелсіздік жолында құрбан болған ағаларымыздың бірі кім еді?
– Талғат Рысқұлбеков.

ІҮ. Жаңа сабақ. Теңдеу шешу.
Оқулық бойынша жұмыс.
№ 1. Теңдікті жаз.
а) 6 – 2 = 4
Азайтуды қосумен тексер
4 + 2 = 6
ә) сынап көру тәсілімен х – 30 = 7 теңдеуін шешу.
Х=7+30
Х=37
37 – 30=7
7=7. Тура санды теңдік шықты.

№ 2. теңдеуді жазу.
Х – 40 = 9
Х = 40 + 9
Х = 49
49 – 40 =9
9 =9 тура санды теңдік.
Дәптерге күннің жадын жазу.

Ү. Білімдерін тексеру.
Ойын: «Ойлы болсаң озып көр»
№3. Үш топқа бөліп орындату.
а) Сатылды – 30кг
Қалды -?, 7кг артық
Болды -?
/30 + 7 /+ 30 = 67 кг
Жауабы: 67кг
ә) Сатылды – 30кг
Қалды – 7кг Болды -?
30кг+7кг=37 кг
жауабы: 37 кг
б) Қағаздан – 25 о.
Барлығы -?
Матадан -? 10 о. кем
(25 – 10)+25=40 о.
Жауабы: 40 ойыншық

Ойын: «Кім тапқыр?»
№ 4. Үш топқа бөліп орындату.
38 + / 40 + 20 / = 98
56 + /30 + 10 / = 96
45 + /20+30/ =95

ҮІ. Сергіту сәті.
Ойын: «Ойлан тап»
№ 5. Мәні 12, 18, 14 – ке тең болатындай бір таңбалы екі санның қосындысын жаз. Үш топқа бөліп орындату.
6 + 6 ———— 12 – 6 ——— 9 + 9 = 18 ———- 18 – 9 =9 ———— 5+9=14 ———- 14 – 9=5
7+ 5 ————- 12 – 5 ——— 6+8=14 ————- 14 – 8=6
8 + 4 ———— 12 – 4 ———- 7+7=14 ————- 14 – 7=7
9 + 3 ———— 12 – 3
Ойын: «Тапқыр болсаң тауып көр»
№ 6. Мысалдарды шығар. Үш топқа бөліп орындату.
(57 – 7)+40=90 ———————- 20+(45 – 5)=60 ——————– 35 -(28 – 8)=55
(20+60)- 10=70 ——————— 60 -(39 – 9)=30 ——————– 44+(30 – 10)=64
(60+9)- 40=29 ———————– 70+(16 – 6)=80 ——————– 80 -(67 – 7)=20

ҮІІ. Шығармашылық тапсырма.
Жұмбақ шешу.
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)

2. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп. (Қалам)

3. Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)

ҮІІІ. Қорыту.
Ойын: «Қар жинау»
Теңдеуді тап және оны шеш:
15+7
20 – 5=15
8+а
х+30=40

2+8=10
2+х=7
80+х
х – 6=2

– Бүгін не өттік?
– Қосуға кері амал қандай амал?
ІХ. Үйге тапсырма:
Х. Бағалау. Сабаққа белсенді араласқан топтарды мадақтау және бағалау.


Теңдеу шешу ашық сабақ математика бастауыш сынып

© Дереккөзі

To Top