Connect with us

Бәрі туралы

google aikyn 1200 3

Бастауыш сынып

Туған тілім-тірлігімнің айғағы

Туған тілім-тірлігімнің айғағы

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы» интеллектуалды ойын.
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір – қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал – мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер – топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі – ардағым» кітап көрмесі, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.

Жүргізуші:
«Тіл» атты бүгін бізде сайыс өтер,
Тұлпарлар тұяқтарын дүбірлетер.
Сайысқа сайгүліктер шапқалы тұр,
Ең жүйрігі мәреге озып жетер.

Жұқтырмай шашасына шаңды шабар,
Мәреге бұрын жеткен бәйгені алар.
Жүйріктің екпініне шыдамайтын,
Шаба алмай, шабандоздар артта қалар.

Дүркіреген тіл сайыс аламанда,
Тамызған тілдің майын озып келер.
Баптаған бәйге атының шабысындай,
Бәйгеде делебесі қозып келер.
Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда – ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнім. Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім. ( С. Торайғыров.)

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, бүгін біз 3 топ: «Тапқырлар», «Зеректер» «Ойшылдар» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілінің жанашыры» атағын жеңіп алады.
Жүргізуші: Әділ қазылар алқасын сайлайық
Тәрбие ісінің меңгерушілері, әдебиетшілер, бастауыш сынып мұғалімдері;.

Жүргізуші: Интеллектуалды ойынның шарты: Сайысымыз өз мәресіне жеткенге дейін сайыскерлер әр түрлі 7 (жеті) бекеттен өтеді. Әр бекеттің өзіне тән тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды белгіленген уақыт ішінде дұрыс орындап, ойынның соңына дейін атсалысады. Әр бекеттің өзіндік ұпайы бар. Сол ұпайды жинап алу ойыншылардың құзырында. Егер де ұпай санымыз бірдей болып, берілетін орындардың реті тең дәрежеде тұрса, онда қосымша сұрақ беру әділқазылар алқасына жүктеледі. Сөйтіп, жеңімпазды анықтаймыз. Сонымен Сайыскерлерге сәттілік тілеп, ойынымызды бастаймыз.
1. «Қайырлы таң» бекеті Үш топтың сәлемдесуі. Танысу. Мына турда көрермендерде өз дауыстарын бере алады. Ұнаған топтың таныстыруына қолдарыңыздағы 10 ұпайыңызды жәшікке саласыз.
1. Тапқырлар: Білім қуған баламыз, Жетілген ой – санамыз. Сайысыңдар бізбенен, Біз «Тапқырлар» боламыз. Ұранымыз: Тіл тағдырын сән қылып, Көтереміз мәңгілік!
2. Зеректер: Ілім – білім туралы, Іздеген талмай деректер. Білімді болсаң келіп көр, Біз боламыз «Зеректер» Ұранымыз: Жаңғырығып үніміз, Мәңгі жасар тіліміз!
3. Ойшылдар: Бағынады біздерге, Өрмелеп шығар өр шыңдар. Зерделейтін ғылымды, Біз боламыз «Ойшылдар». Ұранымыз: Тіл тарихы халқымның, Тілім ұлттық қазынам.
Дауыс берейік.
Жүргізуші: Әділқазы алқасы дұрыс жауапқа алдарыңыздағы жәшіктерге дұрыс жауап берген жағдайда 10 ұпай санын жәшікке салуларыңыз керек.

2. «Үміт» бекеті. 1. Тапсырма: Әр топ «Тіл туралы» өлеңдер оқиды. Мақал – мәтелдерді жалғастыр:
Дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
Отан…. да ыстық
Жауабы: оттан
Туған жерге…. тік.
Жауабы: ту
Туған жердің.. де ыстық,… де ыстық
Жауабы: күн, түн
……… көтермегенді, тіл көтереді.
Жауабы: піл
……. ойлағаңды, тіл бітіреді.
Жауабы: ми
…….. көңілдің айнасы
Жауабы: көз
Тіл…… да өткір
Жауабы: қылыш
Тіл көңілдің……
Жауабы: кілті
……. шалысынан, сөз шалысы жаман Жауабы: от
ІІ. тапсырма: Мақалдың бірінші жолын оқып, Екінші жолын өздеріңіз табасыздар. Бұл тапсырмаға 30 ұпайдан беріледі.
1. Ат жүйрігі асқа,
2. Ана тіліңді ұмытқаның,
3. Ұлтарақтай болса да, …… (Ата – қоныс жер қымбат).
4. Азаматтың қадірін, …… (Ағайын емес жат білер).
5. Тіс қатты ғой, ….. (Бірақ сынып кетеді).
6. Жылқы ішінде жүйрік көп, …… (Қазанаты бір бөлек).
7. Жақсы адамның ашуы, ….. (Шәйі орамал кепкенше).
8. Қалың болсаң жердей бол,….. ( Бәрін шыдап көтерген).
9. Еріңді жек көрсең, …… (Елге қалай сиярсың).

Жүргізуші:
3. «Тұмар» бекеті. Қызықты грамматика. Дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
Тапқырларға: А) Жуан дауыстыларды көрсет:
а, ә, о, е, ұ, ө, ы, ү, і, и жауабы: а, о, ұ, ы
Зеректерге: Ә) Табиғи жұп күйіндегі заттар: аяқ, ыдыс, көз, фотоальбом, ақша, құлақ, мұрын, етік, қолғап.

Ойшылдарға: Б) Қатаң дауыссыздарды көрсет
қ, г, к, п, б, с, т, в, х, ш, ц, д, н Жауабы: Қ к, п, с, т, х, ш, ц,

Тапқырларға: В) Күшті, ел, үлкен, лауазым, өң, науқас сөзіне синоним қатар жаса.
Зеректерге: С) Тілдік бөлшектерді үлкеннен кішісіне қарай ретімен жаз: мәтін, буын, дыбыс, сөз тіркесі, сөз, сөйлем
жауабы: мәтін, сөйлем, сөз тіркесі, сөз, буын, дыбыс

Ойшылдарға: Д) Қимыл – қозғалыс, әрекет сөздік қорларын ата: айт, тамақ, жаз, оқы, мылтық, адам, қоян, бер, берме, найза, ал
Жауабы: айт, жаз, оқы, бер, ал, берме

3 – топқа бірдей: Г) Орамжапырақтар сөзжасам жаса
Жауабы: ор, ара, арық, жап, жара, жарақ, жарық, тарақ,
тар, ақ, ақта, пырақ, орам, жапырақ, тақыр, қырат.. т. б
Жүргізуші: Дұрыс жауапқа 30 ұпайдан беріледі.

4. «Ғалым» бекеті. Тест сұрақтары.
Тапқырларға: 1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
А) 1987ж. 17 қараша
В) 1989ж. 22 қыркүйек
С) 1990ж. 13 маусым
Д) 1992ж. 15 қазан
Зеректерге: 2. Тіл білімінің негізін салған кім?
А) Ш. Уәлиханов
В) М. Жұмабаев
С) А. Байтұрсынов
Д) Ы. Алтынсарин
Ойшылдарға: 3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
А) парсы
В) араб
С) португал
Д) түркі
Тапқырларға: 4. «Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте!» деген өлең жолдарының авторы кім?
А) Қ. Мырзалиев
В) Ә. Тәжібаев
С) С. Торайғыров
Д) М. Шаханов
Зеректерге: 5. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың ән – өлеңдер жинағы қайсысы? А) «Айттым, сәлем Қаламқас»
В) «Дариға жүрек
С) «Сөйле, менің жүрегім»
Д) «Асау жүрек»
Ойшылдарға: 6. Қазақтың балалар әдебиетінің атасы кім?
А) Ұлы Абай
В) Ы. Алтынсарин
С) М. Жұмабаев
Д ) С. Көбеев
Тапқырларға: 7. « Паспорт» сөзінің жаңа атауын табыңыз.
А) қағазы
В) куәлік
С) анықтама
Д) төлқұжат
Зеректерге: 8. Желтоқсан құрбаны кім?
А) Мәншүк Мәметова
В) Бауыржан Момышұлы
С) Қайрат Рысқұлбеков
Д) Амангелді Иманов
Ойшылдарға: 9. Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толады?
А) 15
В) 19
С) 21
Д) 20
Жүргізуші:
5«Өнер» бекеті. Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
Дұрыс жауапқа 50 ұпай беріледі.
Тапқырлар: Қас пен көздің арасында (лезде)
Зеректер: Қара қылды қақ жару ( әділ)
Ойшылдар: Төбе шашы тік тұрды (шошыды)
Тапқырлар: Тайға таңба басқандай (анық)
Зеректер: Аузына құм құйылды (үндемеу)
Ойшылдар: Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)
Тапқырлар: Тонның ішкі бауындай (тату)
Зеректер: Бет моншағы үзілу (ұялу)
Ойшылдар: Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)
Жүргізуші:
Мына бекетімізде көрермендерде дауыс бере алады. Қолдарыңыздағы 50 ұпайды ұнаған топтың шығармасына немесе әңгімесіне бересіз.
6.«Дарын» бекеті. Шығармашылық тапсырма «Ана тілім – ардағым» тақырыбы бойынша өлең, әңгіме жазу.
Жүргізуші:
7. « Шешен» бекеті. Берілген тапсырманы әрі қарай жалғастырып өз ойларын өрбіту. Уақыт 5 минут.
2 – жүргізуші: Иә, бүгінгі шарамыздың уақыты да таяп қалған сияқты. Осы топ мүшелері ішінен қай топ «Қазақ тілінің жанашыры» атағын жеңіп алғанын анықтау үшін, әділқазылар алқасына сөз берейік.
Әділқазылар жәшікті ашып санап болғанша ән тыңдайық. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына ұсынамыз. ( топтарды мадақтау.)
Қорытынды:
Жүргізуші: Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
Жүргізуші:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін. деп ақын Әбділдә Тәжібаев жырласа, оған бүгінгі интеллектуалды ойынды ұйымдастырып отырған сынып жетекшіміз Айсұлу апай да;
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Көк байрағым мықты болсын қолдағы. 20 жылдық тойымыз да бүгінгі, Бақытымыз болар біздің ол – дағы.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Қазағымның бұзылмасын қаймағы. Еркіндігі мәңгілікке елімнің, Желбіресін көгімде көк байрағы.- деп үн қосады.

Бастауыш сынып туған тілім тірлігімнің айғағы ана тіліні қадір-қасиетін біліп көркемдігін сезініп сөз құдіреті тәрбие сағаты

© Дереккөзі

To Top