Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

«Туған өлкем» Өтебай Тұрманжанов

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
№271 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Шуиишбаева Жаңагүл Бердібекқызы

Сабақтың атауы: Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Мақсаты: 1. Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.
2. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту. Тіл байлықтарын дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыта түсу.
3. Туған жерді, елді, қастерлеу, тілді бағалай білу, ата-ананы сыйлау, халқыңа пайда келтіру сияқты адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: сабақ барысы бойынша жасалған слайд, тапсырмалар жазылған түсті үлестірме – қима қағаздар.
Күтілетін нәтиже: таңдау бойынша: Сурет салу немесе сөзбен туған жерінің табиғатын суреттеу
Психологиялық ахуал
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану
Неткен сұлу, неткен көркем – фильм көру.
– Балалар, фильм ұнады ма?
– Біздің жеріміз қандай екен?(сұлу, көркем, әсем, әдемі, көркем, тамаша, көз тоймайтын)
– Олай болса, бүгін біз Өтебай Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз.
1. Мұғалімнің оқып жатқанда түртіп алу әдісі бойынша оқушылар түсінбеген сөздерін түртіп отырады.
2. Өз беттерімен дауыстап оқу.
3. Әр топтан бір оқушыға мәнерлеп оқу үлгісін көрсетуді сұрау.
Оқушыларға өлеңді кешенді талдату: Өлеңнің тақырыбы, авторы, неше шумақ, неше тармақ?
4. Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс: Жұпар – өте жақсы, хош иіс;
шалқып, тасқан – өркендеген;
бақыт тапқан – бақытты.
Сергіту сәті
«Туған жер – алтын бесігім» өлеңін айтады.
Топтық жұмыстар:
№1 – Өлең не жайында, тақырыбын анықта.
№2 – Ақын сезімін білдіретін сөздердің астын сыз. ( қуаныш, өкініш, мақтаныш, қайғы, шаттық, реніш)
№3: «Алтын дәнді дала» сөз тіркесінің мағынасын ашу.
№4: «Ақ күмістей қала» сөз тіркесінің мағынасын ашу.
1 – топ: Туған өлкем – сурет салу.
2 – топ: Өлең құрайды:
Қызылордам алтын мекенім.
………………………… өтемін.
Қияға қанат қақсам да,
……………………. жетемін.
3 – топ: Мақалға ребус құрау Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Отан оттан да ыстық.
Бүгінгі сабақты қорыту үшін «Алтын қақпа» есігін ашу (2 – сұрақ)
Үйге тапсырма «Туған өлкем» өлеңін жаттап келу. Туған жерінің суретін салу
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Туған өлкем Өтебай Тұрманжанов Отан туған жер туған тіл жайлы

© Дереккөзі

To Top