Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Туған өлкем Ө. Тұрманжанов

Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ақын жайлы қысқаша мәлімет беріп, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыту арқылы туған жердің, табиғаттың әсемдігі жайлы, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету.
2. Оқу дағдысын қалыптастырып, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын молайтып, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3. Туған жерді, елді, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, сөздік әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Ө. Тұрманжановтың суреті, өмір баяны туралы сызба,
сөзжұмбақ, мақал – мәтелдер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) дайындығын қадағалау
б) психологиялық дайындық
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді жатқа сұрау
ә) 3 қатарға берілген тапсырмаларды сұрау.
*1 – қатар «Қазақ тілі – мемлекеттік дәрежеде қолданылып отыр»
*2 – қатар «Қазақ тілі – мемлекеттік дәрежеде қолданылып отырған жоқ» деген ұғымдарды дәлелдейді.
*3 – қатар Тіл туралы мақалдар жазып келу.
1. ОЙ ҚОЗҒАУ
Сызбаны толтыру. (Бүгінгі өлеңде Туған тілім деп отырғаны қандай тілдер екен.)

Сұрақ – жауап алу
1. Дихан Әбілев кім?
2. Оның қандай өлеңімен таныс болдыңдар?
3. Туған тіл қандай тіл екен?

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
2. ОЙ ҚОЗҒАУ
Сөзжұмбақ шешу

1. Талас ауданының орталығы
2. Мемлекеттік рәміздердің бірі
3. 5 – пен 4 – тің қосындысы
4. Елордамыз –
5. Біздің Республикамыз
6. Көру мүшесі
7. Ешкінің төлі
8. Білім ордасы
9. Асқар тау
10. Біз қай облыста тұрамыз.

IV. Мақсат қою
– Сөзжұмбақтың ерекше жолынан қандай сөз шықты?
– Туған өлкем
Бүгінгі сабақтың мақсаты – Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысу.
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Түлігі өскен алуан – алуан,
Төс, алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов жүктеу


Туған өлкем Өтебай Тұрманжанов туған жер туған өлкем ашық сабақ жоспары

© Дереккөзі

Tags: Өтебай Тұрманжановтуған жерТуған өлкемтуған өлкем ашық сабақ жоспары

Related Posts

Бастауыш сынып

Жіктеу есімдігінің септелуі

Бастауыш сынып

Аққу, шортан һәм шаян

Бастауыш сынып

Қар қандай? Дыбыс пен әріп

Бастауыш сынып

Туған тілім өркенде!

Бастауыш сынып

Санды көбейтудің тәсілдері

Бастауыш сынып

Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері

Бастауыш сынып

Қош бол, құтты Әліппем!

Бастауыш сынып

Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік!

Бастауыш сынып

Дүниетану пәнінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар

Бастауыш сынып

Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021