Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Тыныс белгілер. Жеті ата

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Майтөбе ОМ МДШО КММ Бастауыш сынып мұғалімі
Молдақұлова Бибігүл Құдайбергенқызы

Ана тілі 1 – сынып
Тақырыбы: Тыныс белгілер. Жеті ата
(аралас сабақ 45 минут)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 – 7 минутта:
а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;
в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фронталды тексереді).

«Көпір» (жеке жұмыс) тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1. Сөйлем неден құралады?
Ж: Сөйлем сөздерден құралады
2. Сөйлемнің соңына не қойылады?
Ж: Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.
3. Тыныс белгінің қанша түрі бар?
Ж: Тыныс белгінің үш түрі бар.
4. Оларды атап бер.
Ж: Оларға нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі жатады.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут);
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1 – қадам (топтық жұмыс) – теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторлары:
(тақырып мазмұны бойынша кім? не?
қандай? қалай? нені? қашан? не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:
1. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
2. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрақ белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
3. Адамның үш жұрты болады. Солардың ішіндегі ең жақыны өз жұрты. Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене жатады. Солармен қоса әкесі, анасы, атасы, әжесі, туған – туыстары жатады.
4. Туған – туыстарға: ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы, сіңлісі жатады.

2 – қадам (топтық жұмыс) – теория бойынша «Түсіну»
критерийінің индикаторлары:
(неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

Себебін анықта.
1. Тыныс белгі сөйлемнің қай жеріне қойылады?
Ж. Тыныс белгі сөйлемнің соңына қойылады.
2. Тыныс белгінің қандай түрлері бар?
Ж. Тыныс белгінің нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі деген түрлері бар.
3. Адамға өз жұрты неліктен жақын?
Ж: Өйткені, өз жұрты – адамның шыққан тегі.
4. Жеті атаға кімдер жатады?
Ж: Адамның жеті атасына ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене жатады.

3 – қадам -(топтық жұмыс) теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторлары:
1. Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1 – 3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
(1 – 3). Венн диаграммасы арқылы жергілікті жердің планы мен физикалық картаны салыстыр.
Жеті ата
Ұқсастығы
Отбасы

4. Тақырыптың басты идеясы неде?
ұқсастығы: Өз жұрты
а) Ерекшелігі: Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене
б) Ерекшелігі: Атасы, әжесі, әкесі, анасы, ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы, сіңлісі

4 – қадам -(топтық жұмыс) теория бойынша «Жинақтау» критерийінің индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр, немесе өзің құрастыр тағы с. с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады

Тақырыптың басты идеясы бойынша құрылған тірек – сызбадағы бос орындарды толтыр

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.

5 – қадам – (топтық жұмыс) практикада бекіту. Практика жүзінде «Қолдану» критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады

Оқулықпен жұмыс:
1. Оқулықтағы «Жеті ата» өлеңін мәнерлеп оқыңдар.

6 – қадам (топтық жұмыс):
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практика жұмысы нәтижесінде) өмірдегі жағдаяттардышешуге бағытталып қойылады.

Сен қалай ойлайсың:
1. Сен қалай ойлайсың? Текті білу не үшін қажет?
Ж: Қазақ баласы өзінің шыққан тегін, жеті атасын білу үшін

ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады.
Қалған тапсырмалары үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

1 – қадам – (жеке жұмыс) теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторларына сәйкес
(тақырып мазмұны бойынша кім? не?
қандай? қалай? нені? қашан? не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)
Бос орындарға тиісті сөздерді жаз:
1 – тапсырма. Тыныс белгінің үш түрі бар.
2 – тапсырма. Текті білу тегін емес.
3 – тапсырма. Адамға ең жақын өз жұрты.
4 – тапсырма. Әкемнің әкесі атам.

2 – қадам (жеке жұмыс) Практика жүзінде
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегі5 – қадамның қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
5 – тапсырма. » Адасқан»әріптерден сөз құрастыр

1 – аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю. К. Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларынмеңгере алмаса.

ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
1 – қадам (жеке жұмыс) – теория бойынша «Түсіну»
критерийінің индикаторларына (неге? неліктен? себебі? не үшін?) сәйкес
сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін).

2 – қадам (жеке жұмыс) – теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторларына сәйкес
(1. Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз) деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1 – 3 тапсырмаларды кестені толтыру арқылы салыстыр.
1 – тапсырма. Себебін анықта:
Адамның отбасы неге өз жұртына жатады?
Ж: Себебі, ол өзінің шыққан тегі.
2 – тапсырма.
Жеті атамызды не үшін білуіміз керек?
Ж: Себебі, Қазақ баласы шыққан тегін білу үшін.
3 – тапсырма1 – 3) Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жазу арқылы жергілікті жердің планы мен физикалық картаны салыстыр.

3 – қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес (ІІ кезеңдегіге 5 – қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады)
4 – тапсырма. Дұрыс сөзді белгіле:
1) Жіте таа – Жеті ата
2) Нмерее – Немере
3) Тсаыбо – Отбасы

2 – аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю. К. Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.

ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

1 – қадам (жеке жұмыс) – теория бойынша «Жинақтау»
критерийінің қорытынды шығаруға бағытталған индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с. с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
ІІ кезең, 4 – қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.
1 – тапсырма. Сөзжұмбақты шеш:
1. Жыл мезгілі?
2. Ас атасы…
3. Әкеге сен кім боласың?.

2 – қадам (жеке жұмыс):
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.

2 – тапсырма. Сен қалай ойлайсың?
Жеті атаңды білмесең, кім боласың?
Ж: Жеті атаңды білмесең жетесіз боласың.

3 – тапсырма. Сабақта алған білім, біліктілігіңді өмірдегі қандай проблемалық ситуацияны шешуге қолдануға болады?
Мысал келтір. Оның шешуін тап.
Ойлан!
Жеті атаға байланысты қандай мақалдар білеміз?
Ж: Жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі.

3 – нәтиже:
Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»- ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю. К. Бабанский).

Толық нұсқасын жүктеу


Тыныс белгілер жеті ата сабақ жоспары ана тілі 1 сынып бастауыш сынып

© Дереккөзі

To Top