Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Түлкі мен тиін | Бастауыш сынып

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен Тиін
Мақсаты: Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды, идеяны ұғындыру, өлеңнің мағынасын түсіндіріп, рөлге бөліп оқыту, Түлкі мен Тиінге мінездеме беру.
Дамытушылығы: Оқушыларды сұрақ қою арқылы жан – жақты ойлауға үйрету, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке баули отырып, жаман әдеттерден жирену, жақсы әдеттерді үйрену, мақтаншақтықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Ой қозғау, салыстыру, ой – толғаныс пен семантикалық карта
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Түлкі мен Тиін иллюстрациясы.
Түрі: Жаңа білімді игерту.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
ә) Оқушы қызығушылығын арттыру

ІІ. Үй тапсырмасы
3 – 4 оқушыдан үйге берілген «Еліктің лағы» мәтінінің мазмұнын сұрап шығу.
– Аспан қандай?
– Қандай ауа дене тоңазытады?
– Жалғыз аяқ жолмен қолына не ұстаған, иығына не асынған, беліне не байлаған бір адам келеді?
– Ол кім деген аңшы?
– Аңшы таяғына сүйеніп, қайда өрмелей бастады?
– Беліндегі торсығын шешіп қайда жасырды?
– Таяғын тасқа сүйей салып, қолына не алды?
– Қарсы алдынан бір нәрсе қараңдағандай болғанда ол не істеді?
– Әлден соң таста отырған нені көрді?
– Түймебайдың ызаланғаны соншалық, не істегісі келді?
– Бірақ ашуын неге жеңдіре білді?
– Қайтадан алға жылжи бастаған ол кенет биік шоқы түбінен нені көріп қалды?
– Қуанғанынан екі көзі қайтті?
– Дереу не істеді?
– Елік қаннен – қаперсіз не істеп тұр?
– Аңшы не істеді?
– Не қарауылға ілінді?
– Сол сәтте шоқы тастың арғы жағынан селтең етіп не көрінді?
– Түймебайдың қолындағы мылтық қайтті?

Топпен жұмыс
1 – топ: Мәтіннен аңшының сыртқы бейнесі сипатталған тұсты тауып оқу, еліктің суретін салу, елікке мінездеме беру.
2 – топ: Аңшыға мінездеме беру, мәтіннен аңшының ашуланған тұсын тауып оқу, елікті сипаттау.
3 – топ: Мәтін түрлерін ата, тақырыпқа байланысты тыйым сөз айт, суретке қарап өлең құрастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақтар шешу
А) Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай шу.
Ә) Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.

Ой қозғау
– Түлкі мен тиін туралы не білеміз?
Түлкі – жыртқыш аң. Ол інін өзі қазады. Әр күшіктеген сайын 4 – 6 немесе 12 – ге дейін туады. Түлкінің есту, сезу қабілеті жақсы дамыған, бірақ көруі әлсіз. Қыста тышқан аулайды. Ең сүйікті асы – сұр тышқан, көжек, қаз, құр, балықты да жей береді.
Тиін орманда, тоғайда болады. Ол секіруге икемді. Бұтақтан – бұтаққа, ағаштан – ағашқа секіріп жүреді. Жыртқыш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Ол жаңғақпен қоректенеді. Тиінді қорғау керек. Терісінен жаға тігеді.
Қасқыр – мінезі өте жаман, орманда, тауда жүреді. Азулы аң, терісінен тоң тігеді, етпен қоректенеді, өте кекшіл, адамды да жеп қояды, аңшылар атады.

Пән мұғалімі: Г. Бостанова
Түлкі мен тиін. жүктеу


Түлкі мен тиін жаман әдет жақсыдан үйрен мақтаншақтық айлакер

© Дереккөзі

To Top