Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/ | Бастауыш сынып

Жас тобы: мектепалды даярлық сыныбы.
Білім беру саласы: вариативтік бөлім
Оқу іс – әрекеті: Ертегілер елінде
Тақырып: Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Мақсаты: Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір – бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыту, ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру. Табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Билингвальды құрағыш: Жануарлар – животные қоян – заяц
Сөздік жұмыс: Бөлтірік, мыршай, миығынан күлу.
Технологиялық қамтамасыз ету: Суреттер, ойыншықтар.

Мотивациялық – қозғаушылық
1. Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз!

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
Жұмбақтар.
Топ бөлмесі орман бұрышындай етіп безендірілген. Орман жануарларының бейнесі тұрғызылып қойылған.

Кіріспе бөлімі.

Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы

Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны.

Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.

– Балалар осы жануарларды бір сөзбен қалай атайды?

Балаларға жабайы аңдар туралы қысқаша түсінік беру.
«Жабайы жануарлар»
Балалар біз бүгінгі сабақта осы жабайы жануарлар туралы әңгімелесеміз.
Жабайы аң – қолға үйренбеген тұз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік етеді. Кейбір аңдар орманда, далада, тауда да тіршілік етеді. Олар өздерінен кіші күші әлсіз жануарларды жеп қоректенеді. Олардан барлық ұсақ аңдар қорқады:/Қоян, тышқан, көртышқан т. б
Барлық жыртқыштар жемтігін тауып жеуге бейімделген. Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ, иіс сезуі жақсы жетілген
Жабайы аңдардың да балалары болады.
Қасқырдың баласы – бөлтірік.
Қоянның баласы – көжек.
Түлкінің баласы – мыршай (жаутаң)
Аюдың баласы – қонжық.
Жолбарыстың баласы – шөнжік.
Арыстанның баласы – абдан.
Негізгі бөлім.
А) Балалар мен сендерге осы жабайы жануарлар туралы ертегі оқып берейін.
Ертегінің аты «Түлкі, Қоян және Әтеш» деп аталады.
1. Ендеше ертегіні мұқият тыңдаңдар
а) ертегіні мәнерлеп оқу.
б) ертегі мазмұнымен таныстыру.
в) сұрақ – жауап.
– Түлкінің үйі неден жасалған?
– Ал қояндікі ше?
– Түлкі не істеді?
– Қоян қандай аңдардан көмек сұрады?
– Оған қай құс көмектесті?
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/ жүктеу


Түлкі қоян және әтеш ертегісі ертегілер жабайы жануарлар мекені қоректенуі

© Дереккөзі

To Top