Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Тұрлаулы мүше

Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сөйлемдегі негізгі ойды білдіретін тұрлаулы мүшелер туралы түсінік бере отырып, топ арасында сөйлем ішінен таба білуге талпындыру.
Оқу нәтижесі: сөйлем ішінен тек тұрлаулы мүшелерді таба білуге, топ ішінде жұмыс жасауға дағдыланады.
Түйінді идеялар: сыныпта психологиялық ахуал туғыза отырып, оқушыларды топқа бөліп алғаннан кейін, бұрынғы білімімен жаңа білімді ұштастыра отырып, слайд, видео көрнекілігімен, ір түрлі тапсырмалармен сыни ойлата отырып, тапсырмаларды орындауға, топтаса жұмыс жасауға үйрете отырып, сабақ соңында жиынтық бағалаймын.
Белсенді стратегиялар: диалог арқылы оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, бағалау, талантты дарынды оқушылармен жұмыс, АКТ – ны пайдалану, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, басқару және көшбасшылық.
Ресурстар: ана тілі оқулығы, орта мерзімді жоспар, слайд, видео, телефон.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық. 1, 2, 3, 4 сандарды саната отырып, 4 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру: 58 – жаттығу (Кір жаятын жіп стратегиясы арқылы)
Үй тапсырмасын қорыту: конверт – сұрақ. 4 топ 3 сұрақтан дайындап көрші топқа ұсынады. Жаңа сабақ: сұраққа – толық жауап. Күннің жадын жазу. сұрақ 1 – топқа:
– балалар, мен не істедім?
Балалар:- мұғалім жазды. Бастауыш пен баяндауышты тапқызып, сол сөйлемді күрделендіру.
Қаражорға биін көрсете отырып, 2 – топқа сұрақ қою.
Балалар:- құрылысшылар биледі.- құрылысшылар далада қара жорға биін биледі.
3 – топқа: 1оқушыға телефон соғу.
Балалар:- телефон шырылдады – Асылайдың телефоны шырылдады.
4 – топтан бір оқушыны орнынан тұрғызып, сұрақ қою.
Балалар:- Дильназ тұрды – Дильназ орнынан тұрды. Екі сөйлемді салыстыра отырып, екі сөйлемдегі негізгі ойды тапқызу.
Оқулықпен жұмыс. 60 – жаттығудағы сұрақты 1 – топқа оқыту, жауабын 2 – топқа оқыту, 3 – топ түсіндіреді, 4 – топ тақырыпты ашады.
Тақырыпты тақтаға жазу. «Тұрлаулы мүшелер». Тұрлаулы мүшелерге байланысты жаттығулар орындату.
61 – жаттығу (ауызша). 3 топ 1 сөйлемнен оқиды, тұрлаулы мүшелерді табады, 4 – топ сарапшылар дұрыстығын байқайды.
62 – жаттығу. Сөйлемдерді оқып, тыныс белгісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Тұрлаулы мүшелерді табу.
63 – жаттығу. Мақалды оқып жатқы жазу. Мағынасын түсіндіру. 1 – топ 1 – мақалды жатқа айтады, 2 – топ түсіндіреді. 3 – топ 2 – мақалды жатқа айтады, 4 – топ түсіндіреді. Мақалды жатқа жазған соң көршісіне тексерту.(жұптық жұмыс)
65 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Әңгімеге ат қою. Тұрлаулы мүшелерді табу. Топпен постер қорғау.
Деңгейлік тапсырма: тақтада сөйлемдер берілген әр топтан оқушылар өз деңгейлеріне байланысты сөйлемдерді таңдап, тұрлаулы мүшелерді табады.
Сабақтық қорытындылау. Тақырыптық түйінді сөздер. Сөздер банкісіндегі конфет ішіне салынған сөйлемдерді оқып, бүгінгі біздің тақырыбымызға байланысты сөйлемдерді «Біздің тақырып» банкісіне салады.
Бағдаршам арқылы бағалау. Стикер арқылы кері байланыс.
Үйге тапсырма: 64 – жаттығу.
Бағалау: дескриптор бойынша топ басшыларының бағалауы.


Тұрлаулы мүше бастауыш сыныпқа

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top