Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту

Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі.
Өткізген: Мұғалім – логопед Смағұлова Ж.
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың мақсаты:
1. Сөйлеу тілінің құрысуын жою.
2. Тыныс алу жаттығуларын дұрыс жасалуларын қадағалау.
3. Өзін-өзі қадағалауға, өздігінен жұмыс істеуге үйрету
4. Мәнерлеп оқу, сөйлеу қабілетін дамыту.
5. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорын байыту
Көрнекілік: Тыныс алу жаттығулары көрсетілген суреттер, сөйлеу ережелері. тапсырмалар.

Сабақ тың барысы:
1. Аутогенді жаттығу. «Мен бақытты баламын».
Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, гүл бағына саяхатқа барайық.
«Қарашы, гүл бағында гүлдер қандай көп!
Әсем, әдемі гүлдер жайқалып тұр!
Гүлдерге қарап күн күлімдейді.
Тыңдашы, бақтағы сайраған құстың даусын,
Сылдырап аққан судың даусы естіледі.
Бетіңе жел лебі еседі.
Аңқыған гүлдердің хош иісі келіп тұр.
– Елестете отырып «Біз өмірдің гүліміз». өлеңін айтайық.
Зеңгір көктем,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз,
Жайнап өскен,
Жайдарлы өскен,
Біз өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықта,
Жолдастықта
Бақыттымыз бәріміз.

2. Тыныс алу жаттығулары.
а) «Сағат» денені жан – жаққа ию.
Иілген кезде «ту – у – у – у – ух»дыбыстап терең тыныс шығару
б ) «Доптар ұшады» кеудесінен алдына қарай лақтыру
Дем шығарған кезде ұзақ «ух – х – х – х» деп, айту.
б) «Поезд» бір демде айту «Ту – ту – ту – ту»
в) Дем алып С – с – с Ш – ш – ш Ф – ф – ф
г) Машинаның дөңгелегі жарылды ш – ш – ш
д) «Ұлпа қарды үрлеу»
Мақтаны үрлеу арқылы дем шығару.

3. Сөйлеу ережелері:
– Сөйлегенде асығыстық жасама
– Әрдайым деміңді шығарып сөйле.
– Әр сөйлем соңынан үзіліс жаса.
4. Өлең оқу арқылы сабақтың тақырыбын хабарлау.
Күміс қар.
Қырларды жапты күміс қар,
Далада жаңа тыныс бар.
Бұталар жалт – жұлт етеді.
Кәдімгі бейне хусталь.
– Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген?.
– Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?
– Қыста балалар қалай киінеді?
– Қыста қарды ауызға салуға болама?
– Балалар, бізге ақшақар тапсырма әкеліпті.
Соны дұрыс орындайық

І. Тапсырма
Қай сөйлем дұрыс жазылған?
а) қар аппақ жауды.
б) Аппақ қар жауды.
в) Жауды аппақ қар.

ІІ тапсырма
«Аппақ»сөзінде неше дыбыс неше әріп бар?

ІІІ тапсырма.
Жапалақ қар жауып өтті.
Сөйлемде неше сөз бар?

ҮІ тапсырма.
Сөздерді өз орындарына қойып, сөйлем құрастыр.
Жауды, ерте қар.
Жасады, аққала балалар.
Тепті, балалар, сырғанақ

Ү тапсырма.
Әр сөйлемді бас әріппен жазып, соңына нүкте қой.
Түні бойы, қар жауды аңдардың ізі сайрап жатыр атам тазысын ертіп, аң аулауға кетті

ҮІ тапсырма
Суретпен жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құрау

ҮІІ. Сергіту сәті
Біз орманға барайық,
Жан-жағымызға қарайық.
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап,
Р – р – р
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты секіріп,
Қорықпаңдар, балалар
Қарап – қарап алыңдар.

7. Елестетіп сурет салу.
Мәтінің мазмұнына сәйкес.
Қыс. Айнала бәрі аппақ. Ағаштар, шыршалар ақ тон киіп алған. Көгілдір аспан.
Күн жарқырап тұр. Балалар қардан аққала жасап, ойнап жүр.

Қорытынды:
– Қыс мезгілі туралы не білеміз?
– Қыс қандай болады?
Боран соғады. Күн суық болады. Қар жауады. Өзенге мұз қатады. Аяз болады.

Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі.
Өткізген: Мұғалім – логопед Смағұлова Ж.


Тұтығу диагнозы тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту күнделікті жоспар

© Дереккөзі

Tags: күнделікті жоспарТұтығу диагнозытұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту

Related Posts

Бастауыш сынып

Ана тілі бойынша сабақтың жоспары (2 сынып)

Бастауыш сынып

Еңбекпен тапқан тиын

Бастауыш сынып

Ұстаз

Бастауыш сынып

Еңбектің наны тәтті

Бастауыш сынып

Тест 1 сыныптарға арналған

Бастауыш сынып

Қысқа мерзімді жоспарлар (әдебиеттік оқу 4 сынып)

Бастауыш сынып

М. Әлімбаев «Әнші Әміре»

Бастауыш сынып

Абылай хан

Бастауыш сынып

Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021