Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына. Мұқағали Мақатаев Отан туралы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына
Мұқағали Мақатаев Отан туралы

Сабақтың мақсаты: 1. Автормен таныстыру, балаларға өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Оқушылардың ой – өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, мәнерлеп айту, ауызекі сөйлеу
дағдыларын дамыту.
3. Өз елін, жерін, Отанын, тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың тәрбиелік мәні: намысты, ұлтжанды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: М. Мақатаев портреті, автор кітаптары, топтастыру стратегиясы, бейнесюжет, кесте – сызба, мақал – мәтелдер.

Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) Сабақтың мақсат – міндеттерін түсіндіру.
(Тәуелсіздіктің 20 жылдығының эмблемасы слайд)
– Балалар, алдымызда қандай үлкен мереке келе жатыр?
-……….
– Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. Барлық білімімізді, ойымызды, ізденісімізді осы сабақта көрсетеміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Жақан Смақовтың «Отан» өлеңін жатқа айту
ә) Елдігімізді білдіретін басты белгілерге нелер жатады?
(2 – слайд) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, авторы
(3 – слайд) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы, авторлары
(4 – слайд) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны, авторлары

ІІІ. Сергіту сәті. Бейнесюжет. Тәуелсіздік аллеясы (5 – слайд)
IV. Жаңа сабақ. Топтастыру стратегиясы (6 – слайд)
Төмендегі сызбаға балалар Отан ұғымын білдіретін тіркестерді, сөздерді жазады.
мөп – мөлдір аспан

Автор туралы түсіндіру (7 – слайд. М. Мақатаев)
1936 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туылған. Мұқағали Мақатаев қазақтың ақиық ақыны, Қара өлеңнің Құлагері атанған. Мұқағали поэзиясы түрлі тақырыптарға бөлінеді: ана туралы, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, туған жер, Отан, соғыс тақырыбы.

V. Оқулықпен жұмыс
а) Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы
Қасиетті қазақ тілінің мәртебесіне тоқталу
– 1989 жылы. қыркүйектің 22 – сі күні «ҚР тілдер туралы Заңы» қабылданды.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл статусына ие болды.
– 1997 жылы Тіл Заңы қайта талқыланып, 7 шілдеде ҚР тілдер туралы Заңы
қабылданды.

ә) Балалардың тізбектеле оқуы
б) Дәптермен жұмыс

Өлеңнен төмендегі сөздерге тіркестерін тауып жазу.
………. өзен…….. тіл
………. тау…….. үн

VI. Кестемен жұмыс
Ақындар
Жақан Смақов
Мұқағали Мақатаев
Отанды неге теңейді?
Екі өлеңдегі ұқсастықтар:
Екі өлеңдегі ерекшеліктер:

VII. Сабақты қорыту. Сұрақ – жауап әдісі
1. Бүгін кімнің өлеңімен таныстық?
2. Ақынның ойынша «Отан» ұғымына нелер кіреді?
3. Ақынның қасиетті тіл деп тұрғаны қай тіл?
4. ҚР мемлекеттік тілі қай тіл?

Қазақстан

тәуелсіз мемлекет
салт – дәстүрі
қонақжай
көп ұлтты
тілі

Тәуелсіздік, Тәуелсіздік – жыр – әнім,
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік – өзіңді еркін сезіну
Салт – дәстүрім – қолдан түспес құралым.

Үнтаспадан «Отан туралы» әнін тыңдату.
VIII. Үйге тапсырма. М. Мақатаев. «Отан туралы» өлеңін жаттау
IX. Бағалау (мадақтаулар, ескертулер)


Тәуелсіздік Мұқағали Мақатаев Отан туралы тәрбие сағаты ашық сабақ

© Дереккөзі

To Top