Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Т дыбысы және әрпі

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: Т дыбысы және әрпі
Мақсаты: Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: Әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.
Сөздік жұмыс: Тай, тас, тон.
Қостілділік компонент: Сағат – часы

Мотивациялық – қозғаушылық
1. Балаларды шаттық шеңберіне тұрып, бір – бірлерімен жылы лебіздерін білдіреді.
Балаларға жұмбақ жасыру.
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу.

Ұйымдастыру – іздестіру
Ас сөзінің басына т дыбысын қосу арқылы сөз құрату. Тас сөзі шығады.
2. Балалар суретте ненің бейнеленгенін сұрау.
– Ненің суреті?
– Тау сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
Т – Дыбысы дауыссыз дыбыс. Сондықтан т дыбысы көк түспен белгіленеді.

Кеспе әріптен т әрпін тауып, оған өткен а әрпін қосу арқылы буын, сөз құрату:
«Т дыбысынан басталатын сөз ойла» тапсырмасы:
Д/ойын: «Т әрпін тап» Шарты: тақтаға өтілген әріптер жазылған кеспе әріптер ілінеді. Балалар әріптердің ішінен т әрпін тауып көрсетеді. Т әрпі кездесетін сөздерге мысал келтіреді.
3. Тіл ұстарту жаттығуын өткізу.
Та – та – та
Ата, берші бата.
4. Дәптермен жұмыс.
Кітап, теледидар, сағат сөздерін талдату арқылы т дыбысының сөздегі орнын түсіндіру. Т дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін мысалмен дәлелдеу.
Т және а дыбыстарын қатыстырып, буын, сөз құратып оқыту. Хормен қайталау.
Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау.
Т әрпін ауада жазу.
Т әрпін бастырып жазу.
Т әрпінің кіші және бас әріптерін жазады.
Торт, үстел, телефон, тақия сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі т дыбысының орнын айтқызу. Аталған сөздердің мағынасын түсіндіру.
Т дыбысы және әрпі. жүктеу


Т дыбысы және әрпі сауат ашу пәні бойынша сабақ жоспары мектепалды даярлық сыныбына арналған

© Дереккөзі

Tags: мектепалды даярлық сыныбына арналғансауат ашу пәні бойынша сабақ жоспарыТ дыбысы және әрпі

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021