Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн. | Бастауыш сынып

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Математика
Тақырыбы: Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн.
Мақсаттары:
а) білімділігі: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру.
ә) дамытушылығы: Уақытты бағдарлай білу қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелігі: зейіндерін, байқағыштықтарын, өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Баланың күн режимі суреті
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету.

Ұйымдастырушылық – оятушылық
Балалардың назарын сабаққа аудару.
«Қайырлы күн!»жаттығуы арқылы психологиялық дайындық.
«Кідірмей, жылдам жауап бер» ойыны
– Жылдың қай мезгілі?
– Тәуліктің қандай бөлігі?
– Бір қолымызда неше саусақ бар?
– Аспанда қанша күн бар?
– Иттің неше көзі бар?
Аспанда қанша жұлдыз бар?
Бұл сабақ «Күн режимі» тақырыбына арналған әңгімеден басталады. Баланың бір тәулік бойына жасайтын іс – әрекеті әңгімеленеді. Іс – әрекет алгоритмін түзу, уақытпен санасу, оны үнемдеу, ұқыпты пайдаланудың пайдасы, уақыт өлшеуіші — тәулік туралы мағлұматтар беріледі. Күн режимін әңгімелеуде: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары пайдаланылады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік.
Тапқышбек тапсырмасында ағаштардың көлеңкесіне қарай қай мезгіл екендігі ажыратылады. Уақыт өлшеуіштерін білдіретін басқа да суреттер салдыруға болады. Сабақта уақыт өлшеуіші — тәулікпен, бір тәулік ішіндегі: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары – мен, бір тәуліктегі баланың іс – әрекетінің ретімен таныстыру. Тәулік, сағат, апта, ай, жыл жайлы мағлұматтар беріліп, дүние танымын кеңейту, уақытты ұқыпты, үнемдеп пайдалануға үйрету көзделеді.
Уақыт өлшеуіштері: «Күз, қыс, көктем, жаз. Не өзгереді?» сұрағына жауап беру. Ай аттарын үйрету. Әр жыл мезгілінде үш ай болатыны айтылады. Жыл мезгілдерінің ұлттық дүниетаныммен байланысы, адамның төрт саусағы жылдың төрт мезгілі. Сұқ саусақ — көктем, ортаңғы саусақ — жаз, аты жоқ саусақ — күз, шынашақ — қыс. Әр саусақтың үш буыны — үш ай. Аптада жеті күн бар, апта күндерімен таныстыру.
Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн. жүктеу


Уақыт уақыт өлшеуіштері ай апта тәулік таңертең сәске сүс бесін кеш түн жыл мезгілі

© Дереккөзі

To Top